RU
Әлемдегі ең жас миллиардерлер туралы не білеміз?
Жаңалықтар Әлемде

Әлемдегі ең жас миллиардерлер туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Forbes журналы 2018 жылғы әлемдегі ең бай адам 2208 адамның тізімін жариялады. Онда 63 қатысушынің жасы әлі 40-қа толмаған. Адам сенгісіз байлыққа ие болған ең жас жандар туралы мәліметтерді Fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы назарға ұсынады.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

1,2. Александра және Катарина Андерсен

Норвегиялық апалы-сіңілі арулардың жасы 21 және 22-де. Олардың әкесі Йохан Андерсен уақытында "Ferd" компаниясын құрып, кейінірек оны қыздарына мұра етіп қалдырған. Олардың әрқайсысының қазынасы 1,4 миллиард долларды құрайды.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

3,4. Джон және Патрик Коллисон

27 жастағы self-made миллиардер Джон Коллисон өзінің інісі Патрикпен бірге "Stripe" деп аталатын танымал төлем жүйесін ойлап тапқан. Олардың әрқайсысында 1 миллиард доллардан қазына жинақталған.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

5. Эван Шпигель

"Snap Inc" деп аталатын CEO компаниясының негізін қалаушы. Оның байлығы 4,1 миллиард долларға жеткен.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

6. Павел Дуров

33 жастағы Ресей тумасы 2007 жылы "Вконтакте" әлеуметтік желісін шығарған. Бүгінде оны қолданушылар саны 400 миллионнан асқан. Бірақ 2015 жылы Павел өз акциясының 12 пайызын 300 миллион долларға сатқан. Одан бөлек, Telegram мессенджерінің акциялық пакеті арқылы қыруар қаржы иемденген.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

7. Линси Снайдер

35 жастағы Линси ата-әжесі 1948 жылы АҚШ-тың батыс жағалауында аса танымалдылыққа ие болған In-N-Ou дәмханалар желісін мұрагерлікке алған. Оның қазынасы 1,2 миллиард долларды құрайды.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

8. Марк Цукерберг

Цукербергті ең жас миллиардердер арасындағы көшбасшы деуге болады. Ол Facebook әлеуметтік желісін шығарған. Бүгінде байлығы 71 миллиард долларға жеткен.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

9. Ян Хуэйянь

Жас миллиардер әкесі Янның 21,9 миллиард долларын мұрагерлікке алып, аталмыш рейтингке енген.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

10. Дастин Московиц

33 жастағы Дастин Московиц Марк Цукербергпен бірге Facebook желісін ойлап тапқандардың бірі. Ол аталмыш акцияның 7,6 пайызына ие.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір