RU
Шетелдіктер Қазақстанда "секс-туризмнің" қарыштап тұрғанын жайып салды
Жаңалықтар Қоғам

Шетелдіктер Қазақстанда "секс-туризмнің" қарыштап тұрғанын жайып салды

Рассказать Вконтакте

Шетелдік азаматтар Қазақстанда "секс-туризмнің" жолға қойылғанын айтып, қазақ қыздарының ақша үшін бәріне баратынын жайып салған деп хабарлайды Esil.media-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шетелдік азаматтары елімізде «секс-туризмнің» қарыштап тұрғанын айтып, желіні дүр сілкіндірді

Шетелдік азаматтары елімізде «секс-туризмнің» қарыштап тұрғанын айтып, желіні дүр сілкіндірді

Елімізде "секс-туризмнің" дендеп алғанын ғаламтордағы түрлі сайттардағы жазбалар мен пікірлерден-ақ білуге болады. Esil.media редакциясы солардың кейбіріне көз жүгіртіп, шетел азаматтарының қазақ қыздары жайлы пікірлерін ортаға салған.

Мәселен, MagicTouch есімді азамат, жақында ғана бильярд клубында болғанын алға тартқан. Айтуынша, мұндай мекемелерде сылқым бикештер жетіп артылады екен.

"Ондағы қыздардың көркінен көз сүрінеді, бәрі шеттерінен "сылқым", "сұлу". Сондықтан, қыз таппаймын деп қысылмаңыздар, қаланың кез келген түнгі клубын солар жаулап алған",-деп өз пікірімен бөліскен шетел азаматы.

Ал, Beko9 деген желі қолданушысы мұндай мекемелердегі қыздардың құны шамамен 70-120 доллар тұратынын айтқан.

"Алматыда ойын-сауық орындары өте көп. 70-120 долларға кез кез келген ару келіседі. Олардың бағасы бардағы клиенттер мен сыртқы келбеттеріне байланысты болады. Көбінесе, бар үстелінде тұратын қыздармен танысуға тырысыңыздар, жай орындарға жайғасқан қыздардың көп жағдайда бастары бос бола бермейді", - деген ол.

Cash Works есімді желі қолданушысы болса, өзінің Касспий өңіріне барған әсерімен бөліскен.

"Жақында ғана жұмыс барысымен Касспий теңізіне бардым. Бірде жұмыстан қайтып бара жатқанымда, сұлу бойжеткенмен таныстым. Ол метист болған шығар, себебі, көркінен көз сүрінетін хас сұлудың өзі еді. Алғашында, мен оны қонақүйдегі нөміріме шақырдым, бірақ ол үндемей құтылған еді. Біраз уақыттан кейін есікті қағып, өзі келді, "шылым шегесің бе?" деп сұрады. Мен оны бөлмеме шақырдым. Десе де ол менен "бәрі үшін" 100 доллар сұрады, мен соманы 40 долларға дейін түсірдім. Себебі, оның сол ақшаға тұрарлықтай сұлулығы болды", - деп жазған.

Сол сияқты GoodEnough дейтін өзге елдің азаматы, қазақстандық бикештер жайлы мынадай пікірімен бөліскен екен.

"Менің Алматыға бармағаныма екі жылдан астам уақыт өтіпті. Бірақ, соңғы сапарым мен үшін керемет естен кетпес сапар болды. Мен түнгі клубтардың бірінде бір түнге 100 доллар сұраған арумен таныстым. Бірақ сол апта бойы ол маған бауыр басып, менімен "тегін түндерді" өткізді. Алматы керемет қала, бәріне кеңес беремін", - деп пікір қалдырған шетелдік турист.

Ал MagicTouch лақап атымен тіркелген келесі бір қолданушы, тіпті, Қазақстанда жезөкшеліктің "гүлденген" дәуірі екенін атап өткен.

"Бұрындары басымнан мынадай оқиғаны өткерген едім. Түнгі клубқа барып, бір қызды кездестірдім. Оны үйіме әкелдім, көңіл көтердім. Сосын, ертесінде әлгі қыз менен "түндегі үшін" ақша талап ете бастады. Негізінен, мен төсек қатынасына оның да қарсы емес екенін білгенмін, бірақ сол үшін ақша сұрайды деп ойламаған едім. Мен бермеймін деп едім, ол мені полиция мен прокуратурада таныстарым бар деп қорқыта бастады. Алайда, шыны керек, ол сөзіне сенбедім. Сондай-ақ, әлгі қыз "қазақстандық қыздар төсек қатынасына тегін түседі деп ойлайсың ба?" деді. Содан-ақ, бұл елде жезөкшеліктің "дамып, етек алып келе жатқанын" білдім. Абырой болғанда, оны қонақүй күзетшілері қуып шықты. Тек таксиіне деп 1500 теңге бердім. "Қазақстандық бойжеткен" оқиғасы осымен аяқталды", - деп жазба қалдырған турист.

Ал желі қолданушыларының дені аталған жазбаға қатысты "таңғалатын түгі жоқ, бұрыннан солай" деген сынды пікірлерді жаудырған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
123
7
5
13
0
19
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel