RU
Өмірді өзгерту оп-оңай: Мамандар психологиядағы ең маңызды екі жаттығуды атады
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Өмірді өзгерту оп-оңай: Мамандар психологиядағы ең маңызды екі жаттығуды атады

Рассказать Вконтакте

Әдетте адамдар жаңа жылдан, келесі айдан немесе дүйсенбіден бастап жаңа өмірді қолға аламын деп шешім қабылдайды. Алайда барлық жағдайда ол уәдеміз орындала бермейтіні рас. Осы орайда мамандар адам өмірін өзгерту үшін психиологиясында жүргізетін ең маңызды екі жаттығуды айтып берді деп хабарлайды psychologies.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

1-жаттығу: Басымдықтарды анықтау

"Өмірлік ұпайлар дөңгелегі" арқылы мақсаттарыңыздың басымдығын анықтап алыңыз. Бұл әдіс өміріңіздің сегіз бағытын қанағаттану дәрежзесі арқылы деңгейлеуге көмектеседі. Мәселен, денсаулық бағытында 10 саны нене білдіреді? Сіз өзіңіздің толық белсенді, жеңіл сезінесіз. Спортпен шұғылдануға уақыт тауып, уақытылы демаласыз. Ал егер, барлығы керісінше болса, 1 санын таңдайсыз.

Фото: psychologies.ru

Фото: psychologies.ru

Бұл бағыттарға баға беру арқылы сіз өз өміріңіздің толық картинасын көре аласыз. Ондағы ұпайы аз тұстарды көтеру үшін, әрқайсысына бір тапсырмадан жазып шығасыз.

Мысалы, денсаулықты жақсарту үшін спорттық жаттығуларды бастаңыз, биге немесе фитнес-клубқа жазылыңыз. Ал қарым-қатынаста достарыңыз бен жақындарыңызға көбірек көңіл бастаңыз.

Жоғарыда аталған жоспарларды іске асыруға екінші жаттығу көмектеседі.

2-жаттығу: Күнделікті әрекеттер трекингі

Енді сіз бір ай ішінде қандай істерді әдетке айналдырғыңыз келетінін тізбектеп шығасыз. Оларды орындайтын уақытыңызбен жазып, қай кезде нақты нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға дейін сызып қойыңыз.

Өз тапсырмаларыңыздың әрбір пунктін орындаған сайын, оны түрлі түсті қарындашпен боп қойыңыз. Сондай-ақ, аталмыш тізбек жазылған парақшаны өзіңіз жиі болатын орындарға іліп қойғаныңыз абзал. Ол сізге мақсаттарыңызды ұмытып кетпеуге көмектесіп, жиі еске салып тұрады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
3
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel