RU
Жол апатынан кейін өзін танымаған сүйіктісін тастамай, аяқтан тұрғызған жігітке ел сүйсінді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Жол апатынан кейін өзін танымаған сүйіктісін тастамай, аяқтан тұрғызған жігітке ел сүйсінді (фото)

Рассказать Вконтакте

Белгілі рэпер Жан Ахмадиев бүгінде өзінің Instagram парақшасында әйел адам мен оның отбасындағы рөлі туралы түрлі жазбалар қалдырып, оқырмандарын қуантып жүр. Ал блогердің жол апатына түсіп, 7 күн бойы ес-түзсіз жатқан Фариза мен оның "өмірге қайта келуіне" себеп болған Жанболат атты жұп туралы жазбасы оқырмандардың жүрегін елжіретті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: Жан Ахмадиветің instagram парақшасынан алынды

Фото: Жан Ахмадиветің instagram парақшасынан алынды

Рэпер осы оқиға арқылы ер адамдарды нәзік жандыларды сыйлауға шақырып, оларға ой салуға тырысқан. Ахмадиевтің пікірінше, досы Жанболат пен Фаризаның бастан кешкен оқиғасы көпке үлгі болуы тиіс екен.

"Шынайы махаббатқа тек әйелдер қауымы сенеді - еркектердің идеологиясы. Ал бізде сол баяғы сасық кеуде, керме көкірек. Мен де сондай едім. Жанболат деген жігітпен танысқалы, бұл ойым 360 градусқа өзгерді. Неге дейсіздер ме? Себебі Жанболат сүйгені үшін соңғысын беретін бала. Өткен жылы бұл жігіттің жүріп жүрген сұлуы Фариза жол көлік апатына ұшырап, өлім аузынан қалған еді. 7 күн "комада" болған Фаризаның айығып кететініне ешкім де сенбепті. Тек Жанболаттың жүрегінде ғана жалыны сөніп бара жатқан үкілі үміт қалған. Досымның тілегі Аллаға жетіп, Фариза өмірге қайта оралды", - деп жазбаны бастаған белгілі рэпер.
Фото: Жан Ахмадиветің instagram парақшасынан алынды

Фото: Жан Ахмадиветің instagram парақшасынан алынды

Сонымен бірге, ол онда Фаризаның тіпті, Жанболатты үш ай бойы танымаған сәттерін еске алды.

"5 мəрте ота жасалса да, Фариза Жанболатты 3 ай бойы танымапты. Оған да мойымаған досым қызметін тастап, ауруханада түнеді. Мойындау керек, сынақта сынбады, Фариза ауырса құлады, бірге жылады. Шын айтамын, өзім көрдім. Міне, содан бері Жанболат пен Фаризаның жұбы жазылмай келе жатыр. Өткен жылы заңды некеге тұрып, той жасады", - деп жалғастырады рэпер.
Фото: Жан Ахмадиветің instagram парақшасынан алынды

Фото: Жан Ахмадиветің instagram парақшасынан алынды

Сондай-ақ, рэпер "әйелдерге қол көтеру – намыссыздықтың белгісі" деп, ер адамдарды жұбайларына лайықты сый-құрмет көрсетуге шақырған.

"Әу, жігіттер! Мойындайықшы, біз де үйдегі қатынымызды сүйеміз, тек айтпаймыз. Бәріміз шынына келгенде жақсымыз. Тек үйде жақсы екенімізді көрсетуден арланамыз. "Ойбай подкаблук емеспін" деп намыстанып қоямыз. Сонда сүйем деп үйленген əйелімізді құрметтеу ұят дүние ме не? Жоқ! Əйелді сабау немесе оған себепсіз дауыс көтеру - намыссыздық деген осы.
Бізді құртатын өзімшілдік. Əйеліміз ауырса, далаға қашамыз. Дәрі алатын ақшаны далаға шашамыз. "Постаянно" бір "косяк" істеп жүреміз. Осыны жасамай-ақ жүріп көрсек қалай болады екен өзі? Бір апта шыдап көрейік. Жаман болмаспыз. Жаман болып кетсең, менің бетіме келіп түкіріп кет!", - деп жазбаны аяқтаған рэпер.
Фото: Жан Ахмадиветің instagram парақшасынан алынды

Фото: Жан Ахмадиветің instagram парақшасынан алынды

Желі қолданушылары Жанның аталған жазбасындағы кейіпкерлерге "баянды махаббат тілеп", оларға деген ізгі-тілектерін жаудырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
3
0
7
133
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір