RU
"Жұмыртқа диетасы" екі апта ішінде артық салмақтан арылуға көмектеседі
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

"Жұмыртқа диетасы" екі апта ішінде артық салмақтан арылуға көмектеседі

Рассказать Вконтакте

Сансыз интернет диеталарсыз-ақ, үй жағдайында да қажетті мөлшерде арықтауға болады. Ол үшін екі аптаға созылған "жұмыртқа диетасы" таптырмас мүмкіндік болса керек деп хабарлайды ernur.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі сурет желіден алынды

Көрнекі сурет желіден алынды

Қазіргі таңда, сымбатты денеге талпынып жүргендер саны жетіп артылады. Олардың көбісі ғаламтор желісіндегі түрлі диеталарға жүгініп жатады. Мұндай диеталардың енді ақылы түрлері пайда болды. Яғни, диета марафоны. Оған қатысу үшін тиісті қаражат төлеу – шарт.

Шарт іске асқаннан кейін қатысушыны оқу чаттарына қосып, оған тамақтану тәртібін күнделікті жіберіп отырады. Марафон шамамен бір айға созылады. Ол аяқталған соң, қайтадан ақша төлеп жалғастыруға болады.

Арықтау үшін диетаның бір өзі ғана аздық етеді. Оған адамның нағыз күш-жігері мен талпынысы да маңызды. Ақылы марафондардан бөлек, үй жағдайында да сымбатты денеге қол жеткізуге болады. Мәселен, екі аптаға созылған "жұмыртқа диетасы" 10 келі салмақтан айырылуға көмектеседі.

Бірінші апта

1-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Екі дана қайнатылған тәтті картоп пен екі дана алма.

Кешкі ас: Тауық еті қосылған, көкөністерден салат.

2-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Көкөністерден салат, аскөктер.

Кешкі ас: Бір тәрелке көкөніс салаты, екі дана қайнатылған жұмыртқа мен жарты апельсин.

3-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Бір дана қайнатылған тәтті картоп, калориясы аз сыр, бір дана қызанақ.

Кешкі ас: Тауық етінен дайындалған салат.

4-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Балғын жемістер.

Кешкі ас: Бұқтырылып пісірілген тауық еті мен салат.

5-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Қайнатылған көкөністер мен екі дана жұмыртқа.

Кешкі ас: Қуырылған балық пен көкөніс салаты.

6-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Балғын жемістер.

Кешкі ас: Буға піскен көкөністер мен тауық етінен дайындалған тағам.

7-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Бұқтырылған тауық еті мен көкөністерден тағам және салат.

Кешкі ас: Қайнатылған көкөністер.

Бір апта бойы мына тамақтану тәртібін ұстанып, тәттілер мен газды сусындар және қуырылған заттардан бас тартқан жағдайда, кез келген адам салмағында елеулі өзгеріс орын алатыны сөзсіз.

Көрнекі сурет желіден алынды

Көрнекі сурет желіден алынды

Екінші апта

1-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Тауық еті қосылған салат.

Кешкі ас: Бір дана апельсин, екі дана қайнатылған жұмыртқа және көкөністерден дайындалған салат.

2-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Екі дана қайнатылған жұмыртқа мен бұқтырылған көкөністерден тағам.

Кешкі ас: Кез келген көкөністен салат және қуырылған балық.

3-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Тауық еті қосылған салат.

Кешкі ас: Бір дана апельсин, көкөніс салаты мен екі дана қайнатылған жұмыртқа.

4-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Бұқтырылған көкөністерден тағам және құнарлылығы төмен сыр, екі дана жұмыртқа.

Кешкі ас: Тауық етінен дайындалған салат.

5-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Балық қосылған салат.

Кешкі ас: Көкөністерден салат және екі дана жұмыртқа.

6-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Тауық етінен дайындалған салат.

Кешкі ас: Балғын жемістер.

7-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Буға пісірілген тауық еті мен көкөністер.

Кешкі ас: Буға пісірілген тауық еті мен көкөністер.

Оған қоса диета кезінде күніге 7-8 стақан су ішіп, қант пен тұзға шектеу қойған абзал. Тәулігіне жарты сағатты физикалық жаттығуларға арнауға болады. Ал фаст-фуд, тәтті сусындар мен ішімдік атаулысын екі аптаға ұмыта тұруға тура келеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
1
3
14
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір