Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айнұр Тұрсынбаева Қайратпен жауласып, менсінбей қойған күндерін еске алды (фото)

Опубликовано:

Айнұр Тұрсынбаева Қайрат Нұртасты менсінбей, сынға алған күндерін еске алды. Оның айтуынша, ол "Қайрат Нұртас деген кім?" деп жүріп, одан қалай жеңілгенін білмей қалған.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасына жазған.

"Жалпы псиxологияның маған тигізген пайдасы ұшан теңіз. Жастау кезімізде бетің бар, жүзің бар демей айтып тастауды жөн санайтынмын. Адамды ренжіте салу түк емес еді... Осыдан 10 шақты жыл бұрын Алматыға бір конкурсқа қазылық етуге шақырды. Барсам қаптаған әнші. Бір құрбымды көріп қалып ем, "Қайрат Нұртаспен жарысқа түсем" деді, "дайынсың ба?" деген ем, "жоқ, оны әлі көрген де жоқпын" деді. Әдеттегідей көтеріліп кеттім, "неге ол саған жолықпайды, неге сәлем бермейді, ол кім соншама" деп бұрқылдап ала жөнелдім. "Оның күн сайын концерт беретіні, бүкіл Қазақстанды аралап жүргені менің миыма кіріп шыққан жоқ", - деген ақын оның анасымен де қатты ренжіскенін айта кеткен.
Сонымен жарыс басталды, мен бірден Қайратты бас салдым.." Қайрат Нұртас деген кім" деп бастадым әңгімені.. «Продюсері қайда қарап жүр», - деп бір тиістім. Сонымен не керек, айқай шықты. Мамасы сұқбат берді тв-ға, маған ренжігенін айтып жатыр. Мен жауап беріп қоймаймын. Баяғы сол менікі дұрыс деген бетпақтық", - деді әнші.

Оның айтуынша, осылай жауласып жүрген кезде Қайраттың кішіпейілдігін көріп таңғалған.

Бір күні бір тойда құрметті қонақтардың арасында "гүл" болып отырған едім, қасымдағылар тура сол оқиғаны айтып, "не болды, татуластыңыздар ма?!" деп сұрап жатыр.."Е, жоға" деп мен қатайып отырғанмын, бір кезде тойдың төріне Қайрат кіріп келді.. Кіріп келді де маған қарай жүгіріп келіп,"қалайсыз әпке" деп бетімнен сүйіп амандассын. Ашық жарқын, мәз мейрам. Ұялғанымнан жердің тесігін іздеп кеттім. 1-0 болып оңбай жеңілгенімді сонда сезіндім...", - дейді Тұрсынбаева.
Тағы бірде Мұқтар Ниязовты көріп қалып әңгімелесіп отырсам "Осы сіз Қайратпен жақсы араласып тұрасыз ба?!." - деп сұрады. "Мүлде араласпаймын" десем, "қайдам сізді керемет мақтап, мықты ақын, қатты құрметтеймін" деп мадақтап отырғанын естіп қалдым дейді. 2-0".
Былтыр Астанада Қайраттың үлкен концерті өтті. Қайрат өз қолымен VIP билетті әкеліп, "сіз келсеңіз қатты қуанып қаламын, әпке" деген кезде 3-0 болып біржола нокаут алдым ғой. Қазір ойлап қарасам титтей бала кезінен менен де ақылды екенін көрсетіп келеді екен. Ата-анасымен жақын араласа келе тәрбиенің түбі әкенің қанынан, шешенің сүтінен екенін білдім", - дейді айтыскер ақын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1723530-ajnr-trsynbaeva-kajratpen-zaulasyp-mensinbej-kojgan-knderin-eske-aldy-foto/

pixel