RU

Кемероводағы жағдай: 64 адамның өмірін жалмаған өрттің басты себебі анықталды

Ресейдің Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Кемероводағы алапат өрттің шығу себебін анықтаған өрт зертханасының сарапшылар қорытындысын мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, өрт балаларға арналған құрғақ хауыздан бастау алған деп хабарлайды Mash Telegram каналына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: breakingmash
Фото: breakingmash: UGC

Хауыздан бастау алған жалын төбеге бекітілген торға көшіп, құзға шығу қабырғасын жаппай басқан.

Аттракциондарға бірден жақындай түскен өрт оларды бірден ұсақ бөлшектерге айналдырса керек. Содан кейін, электр сымдарына жетіп сауда орталығын қараңғымен қоса ұлғайған жалын қоршап алды.

Фото: breakingmash
Фото: breakingmash: UGC

Балалар ойын-сауық орталығының төбесіне жеткен өрт жолындағы барлық заттарды жоя берген.

Алапат өрттің сауда орталығының аумағына тез арада тарап кетуіне ең біріншіден, орталықтың желдету жүйелері өзінің елеулі әсерін тигізген.

Фото: breakingmash
Фото: breakingmash: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1723621-kemerovodagy-zagdaj-64-adamny-mirin-zalmagan-rtti-basty-sebebi-anyktaldy.html