RU
Университет музейіндегі тас табыттың ішінен мумия табылды
Жаңалықтар Әлемде

Университет музейіндегі тас табыттың ішінен мумия табылды

Рассказать Вконтакте

Австралиялық ғалымдар 150 жылдан бері бос саналып келген тас табыттың ішінен мумия тапты. Ол шамамен 2 мың 500 жыл бұрын салынған деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Университет музейіндегі тас табыттың ішінен мумия табылды

Университет музейіндегі тас табыттың ішінен мумия табылды

Зерттеушілердің айтуынша, мумия – әйел адам. Ол жергілікті тайпаны басқарған болуы мүмкін.

Сидней университеті тас табытты 1860 жылы тапқан. Сөйтіп жабық күйінде оқу ордасының музейіне қоя салған. Ешкім оны ашып қарамапты.

Ал 2017 жылы ғалымдар табытты тексеріп көруді ұйғарады. Сөйтіп маңызды әрі тарихи олжаға кенеледі.

Мамандардың айтуына қарағанда, мумия жақсы сақталмаған. Яғни ғалымдарға енді оны толығымен зерттеуге мүмкіндік бар. Себебі бүтін болса, адамдардың оны ұстап, талдау жасауына тыйым салынады екен.

"Мумия жақсы сақталмаған. Сондықтан оның қалдықтарын мұқият зерттеуге мүмкіндік бар. Осының арқасында сол кездегі ауру түрлерін, адамдардың немен тамақтанғанын және өмір салтын анықтауға тырысамыз", - дейді Сидней университеті жанындағы Николсон музейінің жетекшісі Джейми Фрейзер.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
1
3
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel