Астаналық азаматша желіде қазақ жігіттерін сөгіп тастады
Опубликовано:
Астана тұрғыны Гүлнұр Жәкімбай өзінің Facebook парақшасында қазақ жігіттерін қатты сынға алды. Бойжеткеннің ашулы пост жазуына шымкенттік жігіттің жезөкшені қамшымен сабағаны итермелеген деп хабарлайды newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Астана тұрғыны неғұрлым қазақ азаматтарын көбірек тани бастаған сайын, әйелдер қауымына жаны ашитынын жеткізді.
Өзінің жазбасына ол қазіргі қазақ жігіттерінің менталитеттері мен ұстанымдарына көңілі толмайтынын айтты.
«Мен – қазақ азаматымын. Мен өз балаларыма қарамаймын, өйткені ол әйелдің міндеті. Өз міндетімді мен атқарып тастағанмын.
Мен – қазақ азаматымын. Мен өз әйелімнен бөлек басқа да әйелдерді ұруға толық құқылымын. Олар әрдайым еркек адамға бағыну керек.
Мен – қазақ азаматымын. Жасы 27-ден асып кеткен тұрмыс құрмаған әйелдерді мен ескі тауар деп есептеймін. Ол әдемі әрі үш дипломы бола тұрса да, мен оған үйленбеймін. Ал уақыт өткізуге қарсылығым жоқ.
Мен – қазақ азаматымын. Диван, сыра және теледидар менің ең басты қызығушылығым», - деп қайырды күлкілі түрде жігіттерді сынға алған Гүлнұр.
Сөз соңында, оның өзі араласатын ортасында үлгі тұтар нағыз азаматтар бар екенін айтып өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1723833-astanalyk-azamatsa-zelide-kazak-zigitterin-sgip-tastady/