RU
Роза Рымбаева өзінің марқұм күйеуін еске алып, көзіне жас алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Роза Рымбаева өзінің марқұм күйеуін еске алып, көзіне жас алды

Рассказать Вконтакте

Халық әртісі Роза Қуанышқызы өзінің өмірден өткен күйеуін еске алып, көзіне жас алды деп хабарлайды «Бақытты әйел» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Роза Рымбаева өзінің марқұм күйеуін еске алып, көзіне жас алды

Роза Рымбаева өзінің марқұм күйеуін еске алып, көзіне жас алды

Роза Рымбаева өзінің марқұм күйеуін сағынып жүргенін айтты.

«Кейде оны сағынсам, түсімде көремін. Кейде басына барамын. Кейде күйеуімді еске түсіретін әндер болса, жылап алатын көңіл күй лезде болады. Дәл қазір, күйеуімді сағынамын. Жас келген сайын ол кісінің жоқтығын түсініп келемін. Қандай адамның маған керек екенін», - деп Қуанышқызы жылап қалды.

«Мені қойшы, балаларымның сағынышы. Келіншек алатын кезде, отбасылы болатын кезде әкелері керек қой. Екеуіміз айым-күнім деп отырдық деп айта алмаймын. Кейде тек қана адамшылық жағынан емес, өнер жағынан да сөзге келіп қалатынбыз. Отбасы болған соң болады ғой. Бірақ, өміріңді қайтадан баста десе, сол өмірді қайта сүрер едім», - деді әнші.

Сондай-ақ әнші балаларының тегін Рымбаев қылған себебін түсіндірді. Әнші өзіне бір жағдай болса, балаларына өзінің тегі көмек көрсетсін деп ойлаған екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
1
0
9
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel