RU
11 жасында анасынан жетім қалған "Маңғыстау аруының" тағдыры елді жылатты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

11 жасында анасынан жетім қалған "Маңғыстау аруының" тағдыры елді жылатты (фото)

Рассказать Вконтакте

"Маңғыстау аруы" атанып, 16 жасында "Қазақстан аруы-2018" байқауына қатысқан Аяжан Сакиева өзінің тағдыры туралы айтып берді. 11 жасында анасы қайтыс болып, жетім қалған ол аталған байқауға анасының тілегі үшін қатысқанын жеткізді. Бұл туралы ол Тumba.kz басылымына берген сұқбатында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

11 жасында анасынан жетім қалған "Маңғыстау аруының" тағдыры елді жылатты (фото)

11 жасында анасынан жетім қалған "Маңғыстау аруының" тағдыры елді жылатты (фото)

"Әлбетте, бұл байқауға қатысудың себебі белгілі секілді көрінеді. Бірақ мен үшін оған қатысуымның өз мәні бар. Менің қатысуымның себебі анамның арманында жатыр. 2012 жыл мен үшін оңай болған жоқ. Сол жылдың күзінде анам қайтыс болды. Ол маған мұңайа қарап, басымнан сипағаны есімде.
"Қымбаттым, менің көрмегенімді көргеніңді қалаймын. Менің арманыма жетуге ұмтыл. Сол арман орындалған кезде, жай ғана мені есіңе ал", - деген еді ол", - дейді Аяжан.

Айтуынша, ол анасының сөзінің мәнін сол кезде түсінбегенімен, оның өлімінен кейін есейіп кеткенін сезген.

"Анамның арманы менің арманыма айналды. 11 жасымнан бері мен барлығы қолымнан келетінін дәлелдеп келемін. Арманның мәні сахнаға шығу емес, адам болып, еңбек етуде жатыр", - деді "Маңғыстау аруы".

Оның айтуынша, ол өміріндегі жетістіктерген анасының арманының арқасында жеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
2
3
25
4
80
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір