RU
Әкім күйеуімді өлтірді деген әйел елге жанайқайын жеткізді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Әкім күйеуімді өлтірді деген әйел елге жанайқайын жеткізді (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысы Курское ауылының тұрғыны Татьяна бұрынғы ауыл әкімі Владимир Рогозныйды "күйеуімді өлтірді" деп айыптауда. Ол қайғылы жайттан мән-жайын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әкім күйеуімді өлтірді деген әйел елге өз шындығын айтты (фото)

Әкім күйеуімді өлтірді деген әйел елге өз шындығын айтты (фото)

Татьянаның айтуынша, ішімдікке мас болған әкімнің көлігінен оның күйеуінің өлі денесі түсіп қалған. Бұл жайт 17 наурыз күні болған. Бұл тұста Әдем жөніндегі кеңес көлік жүргізугі құқығы жоқ әкімді қызметінен босатқан.

Ал ауылдағылар болса, әлі де есін жия алмай отыр. Татьяна күйеуі салған екіқабатты үйді көрсетіп, көзіне жас алды.

"Оның өлгісі келген жоқ. Бұл кафеде болған жайт үшін кек алу. Ол кезде ауылдастарымыздың бірін ұрыс біреу ұрып кеткен еді. Неге екенін білмеймін, әкім оған менің күйеуімнің қатысы бар деп ойлаған. Сол күні әкім күйеуімді тағы бір ауыл тұрығын Азаматпен бірге алып кеткен еді. Оны іздей бастағанда Баржақсы жауап берген жоқ. Ал әкімге хабарласқанымызда күйеуің көлікте мас болып жатқанын айтқан еді", - дейді Татьяна.
"Біз бірден қалаға шықтық. Оны бас ытесілген күйі тауып алдық, үсті-басы қан еді. Ал Владимир болса, ол көліктен түсіп қалыпты дейді. Егер ол кқліктен түсіп қалса, оған неге уақытылы көмек көрсетпеген?! Ірі болатын, оны көліктен итере салу оңай емес. Есінен танып жатқан кезде, төрт адам жабылып оны көлік салонынан шығара алмадық. Көліктің есігінен ұстап алып, жібермей қойды", - дейді әйел.

Баржақсының ағасы Амангелді де оны біреу өлтіріп кеткен деп санайды.

"Оның басы екі жағынан тоғыз сантиметрге дейін тесіліп кеткен. Көліктен түсіп қалса, ол мұндай жарақаттарды қайдан алды? Бұл суицид емес, оны аямай ұрып тастаған", - дейді ол.

Ал күйеуінің диабетпен ауыратынын айтқан әйел мүлдем ішімдік ішпейтінін жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
6
1
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel