RU
Зейнетке ерте шыққысы келген ер адам жынысын ауыстырып тастады
Жаңалықтар Әлемде

Зейнетке ерте шыққысы келген ер адам жынысын ауыстырып тастады

Рассказать Вконтакте

Аргентинаның Сальта провинциясындағы салық қызметкері Серджио Лазарович зейнетке уақытысынан бес жыл ерте шықпақшы болып, өз жынысын ауыстырып жіберді деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru
Source: UGC

Аргентина заңдары әрбір азаматқа жынысын өзгертуге толық құқық береді. Соны пайдаланғысы келген Серджио 25 жыл бойы әйелімен некеде болғанына қарамастан, атын Серджиаға ауыстырып, зейнетақы алуға құқылы әйелге айналған.

Оның туыстарының айтуынша, Серджио үнемі әйелдер мен ерлер арасындағы теңсіздікті сынға алып, зейнетке шығу құқығын бәріне бірдей ету керектігін айтып жүретін. Сол себепті туыстары оның бұл өзгерісін зейнетке ғана қатысты дейді.

«Ол көгілдірлер мен транссексуалдар жайлы қарсы пікірде болған. Серджио оларды жиіркенішті деп санайтын»,- дейді олар.

Серджио Лазарович болса оны жынысын өзгертуге не итермелегенін айтудан бас тартып, оның жеке өміріне қол сұқпауын өтінді.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel