RU
Алматыда хан сарайындай үйлері бар миллионердің қолына кісен салынды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда хан сарайындай үйлері бар миллионердің қолына кісен салынды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда миллионердің қолына кісен салынды. Есбол Жапбасовтың хан сарайындай үйі мен астындағы көлігінен құзырлы органдар қару-жарақтың түр-түрін тапқан деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жапбасовтың Жамбыл облысындағы үйі. Кадр КТК арнасы

Жапбасовтың Жамбыл облысындағы үйі. Кадр КТК арнасы

Телеарнаның хабарлауынша, ұсталған бизнесменді бүгінге дейін ешкім де білмеген. Тіпті бір басында ондаған вилласы болса да, оның есімі қазақстандық байлардың тізімінде жоқ. Өйткені, Есбол Жапбасов жұрттың көзіне түспей, "көлеңкеде" жүрген.

Телеарна журналистерінің мәліметінше, Жапбасовтың Алматыда салдырып жатқан қос қабатты зәулім үйінің өзі жүздеген мың доллар тұрады екен.

Ал Жамбыл облысында тұрып жатқан үйі тіпті күшті. Қордайдағы қос сарайы қараған адамды таңдайын қақтырмай қоймайды. Іші қымбат жиһазға толы. Ал Бішкектегі үш қабатты үйі тіпті хан сарайындай. Хауызы, моншасы бәрі ішінде екен.

Кадр КТК

Кадр КТК

Есбол Жапбасов тек өзіне ғана емес, асыл тұқымды жылқыларына дейін үйге бергісіз қора салдырып берген. Аса қымбат 70 сәйгүлігінің әрқайсысың жеке қорасы бар. Жануарларға ішінде барлық жағдай жасалған. "Атқораның" құны миллион доллар деп хабарлайды КТК арнасы.

Кадр КТК

Кадр КТК

Телеарнаның хабарлауынша, Жапбасов осы сәйгүліктеріне бәс тігіп қана байымаған екен. Құзырлы органдар оның қырғыздарға жасырын түрде мұнай өнімдерін тасыған деп отыр.

Әрі Жапбасов өзінің құрметіне аталған "жапбасовтар" қылмыстық тобына жетекші болған. Тергеушілердің мәліметіне сәйкес, ұйымдасқан топ қазақ-қырғыз шекарасында ұзақ жылдардан бері контарабандамен айналысқан екен.

Арнайы қызмет анықтағандай, қалталы бизнесмен "Қарасу" мен "Қордай" бақылау пунктерін өз қарамағына алып, әрбір кіріп-шыққан жүк көлігінен ақша алып отырған. Еш кедергісіз өткісі келгендер "жапбасовтарға" кемі 80 мың теңге беруге тиіс болған.

Сондай-ақ, арнаның мәліметінше, Есбол Жапбасовтың "Лексусын" тінту барысында көліктен "ТТ" тапаншасы табылды. Ал үйінен Калашников автоматы мен оқ дәрі тәркіленді. Одан басқа ИЖ-79 газды тапаншасын оқ дәрісімен тығып ұстаған екен.

Сонымен қатар Жапбасовтың Қырғызстандағы қылмыс әлемінің серкесі Камшыбек Көлбаевпен және елімізде қамауға алынған қырғыз депутаты Дамирбек Асылбекұлымен де байланысты деген күдік бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
7
4
3
2
17
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel