RU
ШҚО-да 65 жастағы әжей өзінен жиырма жас кіші жігітке тұрмысқа шыққанына өкініп қалды
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да 65 жастағы әжей өзінен жиырма жас кіші жігітке тұрмысқа шыққанына өкініп қалды

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының 65 жастағы тұрғыны өзінен жиырма жас кіші жігітке тұрмысқа шыққанына өкінуде. Бүкіл ауыл болып олардың шаңырақ көтеруіне қарсы шыққанын есіне алған әжей жас жігіттің де, өзінің де өмірін қор қылғанын айтып, көзіне жас алды. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

ШҚО-да 65 жастағы әжей өзінен жиырма жас кіші жігітке тұрмысқа шыққанына өкініп қалды

Көрнекі фото: floraexpress.ru

Алма (ред. - есімі өзгертілді) әжейдің үш баласы, бес немересі бар. Алайда олардың барлығы бірінші күйеуінен. Жастайынан ел арасында сұлулығымен танымал болған Алмаға ауылдағы жігіттердің барлығының көзі түскен. Алайда Алматыда оқып жүргенде ол жергілікті жігітке тұрмысқа шығып, осында қалып қойған.

"Ауылымның барлық дерлік жігіттері сөз салатын, бірақ ол кезде қазіргідей жігітпен жүру деген жоқ. Тәрбиелі болдық, инабатты болдық. Менімен қатарластардың бәрі солай болды ғой. Бой жетіп қалған тұсымда бүкіл ауылдың әңгімесі мен болдым. Оны өзім де білетінмін. Ауылдың Қыз Жібегі дейтін ғой.

Көз тиді ме білмеймін, әйтеуір менің өмірде жолым болмады. Алматылық жігітке тұрмысқа шықтым. Бірақ оның мінезі қиын болды. Ұрып-соғатынды шығарды. Үш баланы өмірге әкелдім, бірақ бақытты болмадым. Үнемі көк ала қойдай сабап, ел алдында масқара ететін. Сөйтіп жүріп ажырасып кеттім, шыдамадым", - дейді әжей.

Осылайша, 45 жасында ол үш баламен жалғыз қалып, ауылына кетіп қалған. Сол жерде ол өз мамандығы бойынша ұстаздық қызметін атқарады.

"Бір күні мектебімізге жаңадан оқу бітіріп келген 25 жастағы жігіт келеді. Бойшаң, білімді. Үйленбеген. Біздің кезімізде ажырасу деген аз болды. Мен үнемі әріптестерімнен қысылып жүретінмін. Ана жігіт математика, мен физикадан сабақ беремін. Үнемі менен кеңес сұрап келетін. Сөйтіп, ол бір күні маған ғашық екенін айтты", - дейді ол.

Айтуынша, қанша оған қарамай, кеудесінен итерсе де, артынан қалмай қойған жігітті өзі де сүйіп қалған.

Сезіміне ерік бере алмаған жігіт 45 жастағы әйелді үш баласымен бірге алуға бел буған.

"Әрине, бүкіл ауыл, жігіттің туыстары қарсы болды ғой. Бірақ бастапқыда ешкімнің сөзіне мән бермедік. Бізде бәрі жақсы болды. Ол кезде мен де көрікті едім. Ешқандай қиындық болмады. Үш қызыммен қиындықтар туғанымен, қыз болған соң олар да күйеуіммен тіл табыса кетті. Бірақ он-он бес жылдан соң бәрі өзгерді. Қазір ол тым жас. Мен оған бала тауып бере алмадым. Кете бер десем, кетпейді.

Көп қыдыратынын білемін. Түсінемін. "Менен кетіп, өзіңе бала тауып беретін әйел ал деймін". Бірақ кетпейді. Ерлі-зайыпты сияқты емеспіз. Дегенмен, оның мейірімділігін, менің қыздарыма деген қамқорлығын, жақсылығын ешқашан өтеп бере алмаймын. Бірақ өмірін қол қылғаным үшін Алла алдында да, оның алдында да кінәлі сезінемін", - дейді ол.

Қазіргі таңда 45 жастағы жігіт өзінен үлкен әйелінінің немерелерін "туғаным" деп санайды. Олармен етене араласып, қамқорлық көрсетіп келеді, дейді Алма апай.

Ескерту! Материал ҚР құқықтық заңнамасымен қорғалған. Мақаланы көшіріп басу, тарату немесе өзге де мақсаттарға пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
22
7
3
31
2
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel