RU
Қырғыздар ұлттық бас киімді "мазақ еткендерді" жазалайтын болды
Жаңалықтар Әлемде

Қырғыздар ұлттық бас киімді "мазақ еткендерді" жазалайтын болды

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанда "Әкімшілік жауапкершілік жөніндегі Кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі" заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Онда қырғыздың ұлттық бас киімі - ақ қалпақты қорлағандарға айыппұл салу қарастырылған деп жазады Centralasian.org қызметі.

Қырғыздар

Парламент депутаттары ұлттық бас киімді мазақ еткендерге 20 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салуды ұсынады. Бұл бастаманы депутаттар Экмат Байбакпаев пен Бакирдин Субанбеков көтеріп отыр.

Жыл басында қырғыз депутаттары ұлттық бас киімге мәдени символ мәртебесін беруді ұсынған.

Заң жобасында ресми қабылдауда және ресми сапарларда жоғары лауазымды тұлғалардың ақ қалпақ киіп жүруі міндеттелген. Ұлттық бас киімді сонымен бірге халықаралық жарыстарға қатысатын спортшылардың да киюі міндеттелген.

Бұл заң жобасы сән көрсетілімінде итке ақ қалпақ кигізіп қойған даудан кейін жарық көрді. Белсенділер шараны ұйымдастырушыларды сынап, митинг өткізген.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір