RU
Қыз туа берген шымкенттік әйелді күйеуі науқас балаларымен тастап кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Қыз туа берген шымкенттік әйелді күйеуі науқас балаларымен тастап кеткен

Рассказать Вконтакте

Шымкентте күйеуі тастап кеткен жалғызбасты ана бес баласын асырай алмай отыр. Өлместің күйін кешкен әйел қазір көрінгеннің босағасын жағалап, көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкенттік жігіт қыз туа берген келіншегін науқас баламен тастап кеткен (фото)

Шымкенттік жігіт қыз туа берген келіншегін науқас баламен тастап кеткен (фото)

Бір емес, шиіттей бес баласына күнделікті тамағын тауып беру - жалғызбасты анаға оңайға соқпайды. Бұған қоса, екі қызы мүгедек.

Науқас балалардың емі мен дәрі-дәрмегіне ақша таппақ түгілі, үйдегі қаражат күнкөріске де жетпейді. Ал бес қызымен бір-ақ күнде тастап, жөніне кеткен отағасы жанұясына көмек қолын созудан бұрын, хал сұрауға да құлықсыз.

Кариманың сөзінше, жұбайы оны "қыз туа бердің" деп тастап кеткен.

Ең қиыны, опасыз күйеуінен жапа шеккен келіншектің екі қызы неврологиялық ауруға шалдыққан. Ауыр дерттің салдарынан 15 жастағы қызы арбаға таңылса, бес жастағы Муслиманың бас-миында ауытқу бар.

Арбаға таңылған қызын жақын арада емдемесе, ауруы күшейіп, асқына береді екен. Бірақ жалғызбасты ана қызын емдету үшін мемлекет тарапынан берілетін квоатаға қол жеткізе алмай жүр.

Шымкенттік жігіт қыз туа берген келіншегін науқас баламен тастап кеткен (фото)

Шымкенттік жігіт қыз туа берген келіншегін науқас баламен тастап кеткен (фото)

"Алматыға квота дайындап жатырмыз. Бірақ ол жаққа қалай баратынымды білмеймін. Ақша жоқ. Қыздарымның әкесі көмектесудің орнына тастап кетті. Екі ауру баламды бағу қиын екен. Туған әкелері қыз керек емес деп тастап кеткен. Көп ішетін. Қыздарыма қол жұмсайтын. Алимент төлемейді. Сот орындаушылар алиментті өндіріп беруге көмектеспейді. Құзырлы орган өкілдеріне ренішім бар. Әкесінен қыздарым үшін ақша сұрасам боқтап береді", - дейді жалғызбасты ана.

Карима Хайдарбекованың қазіргі басты арманы - қызын емдету. Науқас балаларына қарайтын адам жоқ болғандықтан келіншек жұмысқа да шыға алмайды.

Көпбалалы отбасы қандай болмасын көмекке мұқтаж.

Көмек қолын созам деген жандар үшін Карима Хайдарованың 87713860774 нөміріне хабарласса болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
3
7
2
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір