Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде лифтіге мінген белгілі журналист бөлшектеніп қалды (фото)

Опубликовано:

Ақтөбеде лифтіге мінген журналист әйел қайтыс болды. Ол кабина мен шахтаның екі ортасында қалып кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

28 жастағы Айзат кішкентай қызының көз алдында қаза тапқан. Қайғылы жағдай 4 сәуір күні тұрғын үйдің кіреберісінде болған. Әйел қызымен бірге алтыншы қабаттан түсіп келе жатқан екен.

Алайда үшінші қабатқа жеткенде түсініксіз жағдай орын алады. Куәгерлердің айтуынша, лифтінің есігі бір ашылып, бір жабылып тұрады. Содан кейін марқұм әйел келген жерінен түсіп қалмақ болған.

Оның бір аяғы қысылып қалып, кабина мен шахтаның ортасында қалып кетеді. Осылайша, бар-жоғы бір минуттың ішінде лифті әйелдің денесін бөлшектеп жібереді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Пәтер иелері кооперативі лифті ескі болғандықтан, жиі бұзылып тұратынын растады.

"Сараптама көрсетеді. Бірақ меніңше, бұл лифтінің кесірінен болған жоқ. Әйелдің өзі техникалық қауіпсіздікті сақтамаған. Біз жақында ғана оның арқанын ауыстырып қойғанбыз. Егер ол үзілсе, лифт төменге құлар еді. Сонда барып, біз қарамадық деп айтуға болатын еді", - дейді "Жаңабек-Сервис" пәтер иелері кооперативінің басшысы Кенен Жаңабеков.

Оның айтуынша, Ақтөбеде лифтіні жөндейтін мамандар аз және аталмыш мәселе көп қасірет алып келуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1725087-aktbede-liftige-mingen-belgili-zurnalist-blsektenip-kaldy-foto/

pixel