RU
Байлығы бүкіл әлемді асырауға жететін кокаин королі туралы не білеміз?
Жаңалықтар Әлемде

Байлығы бүкіл әлемді асырауға жететін кокаин королі туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Пабло Эскобар кедей колумбиялық отбасында дүниеге келген. Бірақ аз уақыт ішінде әлемдегі ең бай адамдарының біріне айналды. Ол тарихқа саяси қызметкер ретінде емес, танымал есірткі патшасы ретінде кірді деп хабарлайды Big Picture сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Big Picture

Фото: Big Picture

Кокаин королі өзінің ауқымды табыс әкелген заңсыз кәсібі туралы жасырмаған. Әлем бойынша кокаин саудасының 80%-ын өз қолына алған ол, апта сайын шамамен 420 млн доллар табыс тапқан. Эль-Патронды барлық уақыттағы атышулы есірткі патшасы ретінде таниды. Ол өлім ұнтағын сату арқылы миллиардтап ақша тапқан.

1. Эскобар бір жылда 22 млрд доллар табыс тапқан.

Фото: Big Picture

Фото: Big Picture

2. Ол жыл сайын АҚШ-қа 15 тонна есірткі тасыған.

3. Пабло жыл сайын 2 млрд доллар жоғалтқан, бірақ бұл оны мүлде мазаламаған. Куәгерлердің айтуынша: «Пабло ақшаны өте көп табатын, тіпті жыл сайын табысының 10 пайызы босқа кететін: тышқандар жеп қоятын, су тиіп бүлдіретін немесе жай ғана жоғалып кететін.

Фото: Big Picture

Фото: Big Picture

4. Эскобар жеті жыл бойы 1897-1993 қатарынан Forbes журналы бойынша халықаралық миллиадерлер тізімінде болған. 1989 жылы жетінші сатыға дейін көтерілген.

5. Жыл сайын Пабло кюпираларға арналған резинка үшін екі жарым мың доллар жұмсаған.

Фото: Big Picture

Фото: Big Picture

6. Бірде оның қызы Мануэлла суық үйде тоңған кезде, Эскобар екі миллион долларды қызын жылыту үшін жағып жіберген.

7. 1991 жылы Эль-Патронды өзінің жеке қалауы бойынша тұрғызылған La Catedral түрмесіне отырғызылды. Түрме ауқатты клубқа ұқсайды: би алаңы, бассейн, джазкузи, футбол алаңы. Эскобардың туған-туыстары мен достары кез-келген уақытта оны көруіне болады, тіпті оның өзі де түрмеге қалаған уақытында келіп кететін. Ал колумбиялық билік өкілдеріне түрмеге бес километрден артық жақындауға тыйым салынған.

Фото: Big Picture

Фото: Big Picture

Айта кетейік, колумбиялық есірткі патшасының өмір жолын керемет деп те айта алмаймыз. Оның шын мәнінде сотталғаннан кейінгі өмірі мен өлімі туралы қазір көп айтылмайды. Алайда, ол кедейлерге жиі көмектесіп тұрған, тіпті оны екінші Робен Гуд деп те атаған.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
2
2
24
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір