RU
Арбаға таңылған 12 жастағы қыз "Балапан" телеарнасына жұмысқа тұрды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Арбаға таңылған 12 жастағы қыз "Балапан" телеарнасына жұмысқа тұрды (фото)

Рассказать Вконтакте

Жеті жыл бойы ауыр дертпен күресіп, арбаға танылған Назерке есімді 12 жастағы қыз енді "Балапан" телеарнасындағы бағдарламалардың бірін жүргізетін болды. Өмірдің сынына төтеп беріп келе жатқан кішкентай қыз арна басшылығының назарына түскен деп хабарлайды NUR.KZ.

Жеті жыл бойы арбаға танылған 12 жастағы қыз "Балапан" телеарнасына жұмысқа тұрды (фото)

Жеті жыл бойы арбаға танылған 12 жастағы қыз "Балапан" телеарнасына жұмысқа тұрды (фото)

Бұл туралы арна басшысы Мақпал Жұмабай өзінің желідегі парақшасына жазды.

"Назерке "Қаламгер кітапxанасы" деген жобамызды жүргізіп, атақты жазушылармен жүздеседі. Оның арманы - balapan жүргізушісі болу екен, мұндай талантты баланы әріптесіміз етпесек бізге сын ғой", - деп жазды ол.

Ал кішкентай қыздың өнерімен таныстырған журналист Әлия Құдайберген де елден сүйінші сұрады.

"Бұл Назерке! "Қарекеттің" "Назеркенің арманы" деген хабарына қатысқан кішкентай кейіпкер. Арбаға таңылған аққудай қыздың оқыған өлеңі тыңдағанды жылатып, жүректерді елжіретті. Қанша адам тілектес болды. "Назека, инста парақшаңда 300 адам екен, қазірге.
Біздің хабардан соң он мыңға жетеді" дегенмін. Сөйтсем 45.000 адамға толыпты! Барлығы Назеркенің аяғынан жүріп кетуіне шын жүрегімен тілектес! Алла қаласа Назерке "Балапанның" жүргізушісі. Тележұлдыз болады! Сосын журналист болады!", - деп жазды ол.

Бұл жаңалық көпшіліктің жүрегін елжіретіп, Назерке үшін алаңдап отырғандарға қуаныш сыйлады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
50
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel