Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сиыры егіз бұзаулаған шымкенттік тұрғын жұрттан сүйінші сұрады (видео)

Опубликовано:

Шымкенттің Алтынтөбе елді мекенінің тұрғыны сирек кездесетін жағдайдың куәсі болды. Шаруаның сиыры алғаш рет егіз бұзаулаған деп хабарлайды ernur.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Егіз төл иесінің айтуынша, сиыры мұнан екі апта бұрын бұзаулаған. Бұны жақсылыққа балаған азамат ата-баба салтымен егіз бұзаудың бірін өзінің кіші ұлына бәсіре атаған.

Айта кетейік, қара малдың егіз төлдеуі өте сирек болатын құбылыс. Сиырдың 2 пайызы ғана егіз бұзаулайды.

Белгілі Ғалым Қыдырбай Аманжолов аша тұяқтылардың, оның iшiнде iрi қараның егіз төлдеуі ғылымда бар екенін және бұзаулардың мүшелерi сау болса, қорқатын ештеңе жоқтығын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1725897-siyry-egiz-bzaulagan-symkenttik-trgyn-zrttan-sjinsi-srady-video/

pixel