RU

Ғалымдар: Төсек қатынасы адамды ақылдырақ етеді

Зерттеушілер жыныстық қатынас адамдарды ақылдырақ етеді деген тоқтамға келді. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төсек қатынасы. Көрнекі фото: akcenty.com.ua
Төсек қатынасы. Көрнекі фото: akcenty.com.ua: UGC

Америкалық ғалымдар тәжірибе жүргізу барысында адамның төсек қатынасынан ләззат алуы оның ми жұмысына оң әсер ететінін анықтаған.

Жыныстық қатынастан ләззат алған сәтте ер азаматтардың миындағы қан айналымы жақсара түсетінін МРТ нәтижелері көрсетіпті. Әйелдердің орталық жүйке жүйесі жақсы жұмыс істей бастайды екен.

Нәтижесінде ми жұмысының белсенділігі арта түсетінін алға тартқан ғалымдар төсек қатынасы пайдалы деген тоқтамға келді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1725954-galymdar-tsek-katynasy-adamdy-akyldyrak-etedi.html