RU

Баян Алагөзовадан айнымайтын хас сұлу кім? (фото)

Instagram желісінде танымал продюсер Баян Алагөзовадан айнымайтын табылды. Оның сұлулығына тәнті болған желі қолданушылары бойжеткеннің бет-әлпет ерекшеліктерін отандық жұлдызға ұқсатып, оларды өзара салыстырып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Баян Алагөзоваға ұқсайтын қыздың есімі Дина Цай. Оның мамандығы - психоло . Бойжеткен саяхаттағанды қатты ұнатады, көптеген елдерде болған. Оған бойжеткеннің Instagram парақшасындағы алуан түрлі суреттері дәлел болмақ.

Психологтың әлеуметтік желідегі белсенділігіне орай, оқырмандар Динаны танымал продюсер Баян Алагөзоваға қатты ұқсатқан. Бұл туралы олар бойжеткеннің суреттерінің астына жазба қалдыру арқылы білдірді. Оқырмандар Динаны продюсердің егізіне теңеген.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Продюсердан айнымайтын бойжеткеннің Instagram парақшасына бүгінгі күні 66 мың адам тіркелген.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC
"Мен Алматыда туған қазақ қызымын. Жасым 28-де, психолог мамандығын тәмамдағанмын. Алайда, дизанерлік пен сурет өнері жаныма жақын. Әлемдік деңгейдегі модель қызметін атқарамын. Қытай, Мәскеу және Астана сында қалаларда түрлі түсірілімдерім болды", - деп жазған Дина Цай өзінің парақшасына.

Бойжеткен бос уақытында тігін тігіп, түрлі жазбалар мен фото-суреттерді өңдеп отыруға әрдайым уақыт табатын көрінеді.

Дина Цай парақшасына тұрмыста екенін де жазуды ұмытпапты. Оның айтуынша, күйеуі екеуі айына бір рет шетелге демалуға барып тұруды әдетке айналдырса керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1726968-baan-alagzovadan-ajnymajtyn-has-slu-kim-foto.html