RU
Астанадағы атышулы Әбу-Дәби Плазадан тағы да өрт шықты (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Астанадағы атышулы Әбу-Дәби Плазадан тағы да өрт шықты (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ оқырманы редакциямызға елордадағы Әбу-Дәби Плаза құрылыс аумағынан шыққан өрт жайлы хабар берді. Ол WhatsApp +7 771 718 15 57 нөміріне оқиға орнынан түсірілген бейнематериалды да жіберді.

Фото: Nur.kz

Фото: Nur.kz

«Мына бітпейтін құрылысты 2010 жылы бастаған болатын. Аяқтау 2016 жылға жоспарланды. Осы аралықта ол үш мәрте өртке оранды. Оның аумағында үндістермен ауқымды төбелес орын алды. Бұл ғимарат үнемі кикілжіңдермен байланысты болып келеді.
Әбу-Дәби Плазаны Орта Азиядағы ең биік ғимарат етпекші. Оның 75 қабаты 382 метрді еңсеруі тиіс", - деп жазды оқырман.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті болған оқиғаны растады. Олардың айтуынша, Сығанақ көшесінде орналасқан Әбу-Дәби Плаза ғимаратының 38-ші және 40-шы қабаттарындағы электр қыздырғыш өртеніп кеткен.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

"Өрттің қамтыған ауданы шамамен 40 шаршы метрді құрады. Жалынды өрт сөндірушілер келгенше құрылысшылар қолда бар нәрселермен өздері сөндіріп үлгерген", - деп мәлімдеді департамент өкілдері.
Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

Оған қоса ғимарат сыртындағы құрылыс лифтері жұмыс істеп жатты.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

Оқиғаның себеп-салдары әзірге анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Бізбен бөлісер ақпаратыңыз болса, WhatsApp +7 771 718 15 57 нөміріне жіберсеңіздер болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
0
4
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір