RU
Қаншама жас төгілді: Бүркіттің қарындасы ажырасқаннан кейінгі ауыр күндерін баяндады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қаншама жас төгілді: Бүркіттің қарындасы ажырасқаннан кейінгі ауыр күндерін баяндады

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар өзінің Instagram парақшасына бұрын-соңды ашылып айтпаған тақырыпта жаңа пост жариялады. Танымал актриса өз оқырмандарымен ажырасқаннан кейінгі өмірі жайлы сыр шертіп бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Оның айтуынша, күйеуімен арасы үзілгеннен кейін Әсел бір жыл бойы күйзелісте болып, еркек атаулысын жек көріп кеткен.

"Ажырасу оңай емес. Мен ұзақ уақыт бойы өз-өзіме келе алмай жүрдім. Себепсіз ашулана беретін болдым. Әлемдегі барлық ер адамдарды жек көре бастадым. Өз-өзіме енді ғашық болмаспын деген сөз бердім. Алайда бұл әрекеттерім мені мықты қылған жоқ. Керісінше мен өзімді одан бетер нашар сезіндім.
Өткен шаққа іште қандай өкініш болғанын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Менің әлемім бір сәтте жойылып кеткендей болып, өзіме бақытсыз әрі жалғыздық құшқан өмір жазылған деп шештім. Қаншама жас төгілді, қаншама сөз, наразы пікірлер естідім. Тіпті үйдегілер түсінбестік танытты... Ең қызығы, ешкімді кінәлағым келмеді, тек өзімді-өзім іштей жей бердім", - деп жазған актриса.
Фото: Instagram

Фото: Instagram

Әсел күйзеліс кесірінен бір жыл бойы психологқа жүгінуге мәжбүр болғанын жасырмады. Кәсіби маман бойжеткенге елеулі көмек көрсетсе керек. Ол сеанстарынан бөлек, 20-дан астам психологиялық кітап оқып тастаған. Өз-өзін іздеуге қатты тырысқан Әсел нәтижесінде аяғын нық басатын сенімді әйелге айналып шыға келді.

“Енді, жанымды тыныштық жайлаған. Әрбір атқан күніме қуанып, өткеніме тек қана күлкімен қараймын. Жақындарыма махаббатым мен қамқорлығымды барынша білдіртуге тырысамын. Нағыз махаббат осы шығар, мен бақыттымын", - деп ағынан жарылды Әсел.

Ал өзінің өлең оқу қызығушылығы туралы ол өткенді еске түсіріп, басынан өткен тәжірибені ұмытпас үшін оқитынын жеткізді. Актриса өзінің видеолары біреуге демеу беріп жатса, тек қана қаунатынын айтты.

Жазба соңында Әсел өткен нәрсеге өкінбей, бұрынғы өмірді жібере білу керектігінің маңыздылығын атап өтті. Оған қоса, онымен өмір аяқталды деген қате пікір, керісінше ол қиындықтар сізді алға жетелеуі тиіс деп айтты.

Оқырмандар бір ауыздан тек қана жақсы пікірлерін жаудырды. Әселдің мұндай қиындықты еңсергенін көпшілік әркімнің қолынан келе бермейтінін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
4
0
1
2
14
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel