Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енесінен тойға қарыз алған жас жұбайлар сотта онымен жаға жыртысты

Опубликовано:

Қытайда әйелге сот залында енесі мен күйеуі тап берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жас жұбайлар. Видеодан скриншот
Жас жұбайлар. Видеодан скриншот: UGC

Қытайлық ерлі-зайыптылардың үстінен шағым түсірген енесі қатты ашулы болған. Жас жұбайлар енесінен тойға қарызға ақша алып, сол беті қайтармапты.

Содан кейін ажырасуға бел буған жас жұбайлар қарызды қайтармайды деп қауіптенген енесі сотта шу шығарған.

Оған сөз қайтарған әйел күйеуінен дәл сот залында соққы алады. Төбелеске енесі қосылып, жанжал туындаған.

Зардап шеккен келіншек емханаға жеткізіліп, енесі мен күйеуі соққыға жыққаны үшін кінәлі деп табылды. Ер адам 15 тәулікке, ал оның анасы бес тәулікке қамауға алынды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1727572-enesinen-tojga-karyz-algan-zas-zbajlar-sotta-onymen-zaga-zyrtysty/

pixel