RU
Әлемдегі ең қадірлі әйелдің кім екенін білесіз бе?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Әлемдегі ең қадірлі әйелдің кім екенін білесіз бе?

Рассказать Вконтакте

YouGov халықаралық зерттеу компаниясы әлемдегі ең қадірлі ерлер мен әйелдер рейтингін жасап шығарды. Әйелдер тізімінде ең қадірлі болып Анджелина Джоли саналса, ерлер арасында Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс көш бастап тұр деп хабарлайды segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Халықаралық компания өткізген зерттеу нәтижесінде ең қадірлілер рейтингі анықталды.

Әлемнің ең қадірлі әйелі ретінде танымал актриса әрі режиссер Анджелина Джоли танылды. Ол бұл тізімнің бірінші орнына өзгелерді басып озып шықты. Анджелина үшін сауалнамаға қатысқандардың 8,2%-ы өз дауысын берді. Ал Мишель Обама (8,0%) екінші орынға орнықса, танымал тележүргізуші Опра Уинфри (7,1%) қадірлілер тізімінің үштігін жапқан.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Рейтингтің ерлер бөлімін Micsrosoft компаниясын аяққа тұрғызған Билл Гейтс басқарып тұр. Оған қатысушылардың 9,9%-ы дауыс берген. Бұл тізімнің екінші орнында экс-президент Барак Обама (9.7%)болса, үшінші орын актер Джеки Чан (5,5%) үлесінде болды.

Сауалнамаға 35 мемлекеттен 37 мыңнан аса адам қатысты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
3
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel