Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар: Инфаркт алғаннан кейін өмірді ұзартуға болады

Опубликовано:

Швед дәрігерлері инфаркт алған адамдарға өмірді ұзартудың оңтайлы әдісін ұсынды. Олар аптасына бірнеше рет спортпен шұғылдану жүрек қан тамырлары ауруларынан кейін өлімнің болу көрсеткішін анағұрлым қысқартады деген пікір білдірді деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ria.ru
Фото: ria.ru: UGC

Олардың зерттеу жұмыстары Еуропалық кардиологтар қоғамдастығының конгрессінде жария болды.

Ғалымдар 2005-2013 жыл аралығында инфаркт алған 22 мыңнан астам адамдарды зерттеуден өткізген. Олар бұл дертке шалдыққандардың инфаркттан кейінгі бастапқы 6 аптада және 12 аптадан кейін екі рет физикалық белсенділігін тексерген.

Зерттеу нәтижесінде 4,2 жыл аралығында қайтыс болған 1087 адамның барлығының дерлік спорттық белсенділігі өте төмен болып шыққан.

Ал физикалық жаттығуларды жасап тұратындарда өлім саны анағұрлым аз екені анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1727951-galymdar-infarkt-algannan-kejin-mirdi-zartuga-bolady/

pixel