RU
Ақбоз атты ханзада жолықпаса не істеу керек?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ақбоз атты ханзада жолықпаса не істеу керек?

Рассказать Вконтакте

Кез-келген қыз болашақта отбасын құрып, балалы болуды армандайды. Алайда күткен ханзадаңыз тезірек келмесе не істеу керек? Жасы келген бойжеткендер өзіне өмірлік жар табу үшін қандай қадам жасағаны дұрыс? Бұл жайында NUR.KZ. тілшісі хабарлайды.

Фото: Свадебная Мечта

Фото: Свадебная Мечта

Әлемдік статистика бойынша арулардың тұрмыс құру жасы 23-25 жас болып есептеледі. Алайда қызы бойжеткен үй оны күйеуге бергенше асығады. Қоғамнан қысым көрген бойжеткен арманындағы азаматты табуға асығып, бірінші кездескен көлденең аттының етегінен ұстай салатын жағдайлар да кездеседі. Осыдан келіп, отбасы мәселелері туындап, соңы ажырасуға жетіп жатады.

Осындай сәтте қыздар түрлі тренингтерді жағалап, құрбыларының кеңесіне құлақ асып, туыстары таныстырған азаматтарды саралай бастайды.

Мамандардың айтуынша, адам өз жартысын табуы үшін, алдымен өзін толық тани алуы керек.

"Бойжеткендер өзімен бір жыл көлемінде таныс болған адамды дереу өзгертуге тырысады. Алайда өзін 20 жылдан бері толық тани алмай тұрып, жақында танысқан адамды өзгертемін деуі ақымақтық. Жұптардың жараспай кететініне осы да себеп. Өйткені бір-бірін сол күйінде қабылдай алмайды. Мұндай жағдайда оларды не өзгеру, не екі жолмен кету күтіп тұрады", - дейді.

Сонымен қатар мамандар нәзік жандыларға тұрмысқа шығу туралы арманнан қол үзбеу керектігін айтты

Көптеген бойжеткендер отбасылық қиындықтар мен зорлық-зомбылық оқиғаларына байланысты тұрмысқа шығудан саналы түрде бас тартады екен. Алайда мамандар бұл шешіммен келіспейді. Ешқашан үміт үзбеу керек.

Екіншіден – өзін жақсы жаққа өзгерту. "Мен өзгермеймін". "Туылғаннан мінезім осындай" немесе "осы қалпымда қабылдасын" деген ойдан арылу.

Үшіншіден – Шынайы болу және өтірік айтпау. "Себебі: Жігіт те, бойжеткен де үйленгенше әдемі адамдардың рөлін ойнап жүреді" дейді мамандар. Ал бір үйде тұрған соң мінез бәрібір сыртқа шығады (ашушаңдық, ұрысқақтық). Осыдан келіп "Біздің мінезіміз жараспады" деген нәрсе туындайды.

Төртіншіден: Өзіңізге керек адамның келбетін, мінезін, қасиеттерін параққа жазу. Ал екінші бетіне өзіңіздің мінездеріңізді тізіп жазып шығу. Осы арқылы сіз өміріңізде қандай ер адамды кездестіргіңіз келетінін біле бастайсыз.

Бесіншіден: Эгоист болмау. Яғни болашақ келін ретінде сіз өзіңізге ғана жар таңдамайсыз. Сіз балаларыңызға әке таңдайтыныңызды естен шығармаңыз.

Алтыншыдан: Өзіңіздің өмірде бас тарта алмайтын заттарыңызды немесе істеріңізді жазыңыз (үйде отыруға төзбеу, жеке кеңістігіңізге ешкімнің бас сұққанын қаламау). Сондай-ақ бақытыңызды жолықтырсаңыз, өз талаптарыңызды айтудан қысылмаңыз. Бірақ, бәрін тіке жеткізбей, жұмсартып жеткізгеніңіз дұрыс.

Жетіншіден: Туындаған мәселелер мен оның бойынан көргіңіз келмейтін қасиеттерді, әрекеттерді отбасылы болмай тұрып шешіп алғаныңыз дұрыс. Себебі, кездесіп жүрген уақытта мәселенің алдын ашып алу оңай. Ал отбасылы болған де ер адамдардың "Мен оны өзгертемін" немесе әйелдердің "Алдап көндіремі" деген арманы шындыққа айналмауы мүмкін.

Сегізінші: Сүйгеніңізді тапқан жағдайда отбасын құрмай тұрып, толық медициналық тексерілуден өту. Бұл жігітке де, қызға да қатысты. Мәліметтерге сүйенсек, Қазақстандағы әрбір бесінші баланың денсаулығында кінәраты бар болып шықты. Толық тексерілу кеш болғанда бармақ тістегеннен гөрі, дер уақытында емделуге мүмкіндік береді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
3
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір