RU
Сыған келіншегі бал ашқан шымкенттік бас ұстаздың қызметі көтерілді
Жаңалықтар Қоғам

Сыған келіншегі бал ашқан шымкенттік бас ұстаздың қызметі көтерілді

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Ең қызығы,Жанат Тажиеваның бұл лауазымға ие болуын бес-алты жыл бұрын балгер жорамалдаған болып шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: provida.tv

Фото: provida.tv

Қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысын әкімшілік өкілдері мен ұстаздар қауымы салтанатты түрде шығарып салды.

Ресми тағайындау кезінде Тажиеваның әріптестері оның білім саласындағы еңбегі мен жемісін тізбіктеп айтты. Кездесу барысында сөз алған бала-бақша меңгерушілері бұрынғы басшыларымен өткен қызықты сәттерді де еске алуды ұмытпады.

Ұстаздардың айтуынша, осыдан бес-алты жыл бұрын банкет кезінде Тажиеваға бал ашқан сыған келіншегі оған болашақта министрлікте отыратынын айтқан екен.

"Жаңа жылдық банкет кезінде сыған келіншегі бал ашып, Жанат ханымға министрлік қызметіне дейін көтерілесін деп айтқан болатын. Оның болжағаны шынымен де тура келді", - деп айтты бала-бақша меңгерушісі Алия Шырымбаева.

Кездесу соңында білім саласының қызметкерлері жаңа лауазымға ие болған әріптестеріне табыс пен сәттілік тілеп, өз сыйластықтарын білдіріп жатты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
0
1
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel