RU

Шоқан Уәлихановтың туғанына - 175 жыл

Биыл қазақтың маңдайына біткен біртуар ғалымы, дүниежүзіне аты мәшһүр жиһанкез Шоқан Уәлихановтың туғанына - 175 жыл.

Оның кіші тұстасы, идеялас серігі Шаһмардан Ибрагимовтің туғанына - 170 жыл, ол шығарған алғашқы қазақ тіліндегі "Түркістан уәлаяты газетіне" 140 жыл толып отыр.

Шоқан Уәлиханов (1835-1865)

Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) ШыңғысұлыУәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандатуған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғышөкілдерінің бірі.

Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз.

Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті.

Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген.

Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Орта жүз ханы болған.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/172833-shokan-uelihanovtyn-tuganyna-175-zhyl.html