RU
Екі баласы бар келіншек отбасылы адамға қалай тоқал болғанын айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

Екі баласы бар келіншек отбасылы адамға қалай тоқал болғанын айтып берді

Рассказать Вконтакте

38 жастағы келіншек күйеуі қайтыс болған соң, отбасылы адамға қалай тоқал болғанын айтып берді деп хабарлайды oqiga.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Жасы қырыққа тақап қалған келіншектің айтуынша, ол ел қатарлы жанұя құрып, екі балалы болған. Отбасында жолдасы жұмыс істегендіктен, тұрмыс құрған күннен бастап, бала қарап, үйде отырған екен. 38 жастағы әйелдің сөзінше, оның өмірі жолдасы жол апатынан аяқ астынан қайтыс болған күннен бастап күрт өзгерген екен.

Марқұм күйеуінің жүз күндік асы мен балалардың жүріп-тұруына қажет ақша табамын деп, әйел адам жергілікті мектептердің біріне еден жуушы болып жұмысқа тұрады.

Күндердің күнінде келіншектің құрбысы оны базардан киім алып, оны мектеп мұғалімдеріне сату туралы ұсыныс айтады. Әйел адам ұсынысты қабыл алып, ақырындап сауда жасай бастайтын көрінеді.

Басылымның мәліметінше, әйел адам сауда жасап жүріп Марат есімді ер азаматпен танысады. Ол үйленген, тіпті, үш баласы бар болса да жесір келіншекке жылы қарап, оны қамқорлығына алады екен. Сөйтіп жүріп, әйел адам оның ашынасы болып шыға келдім дейді.

"Жолдасымның топырағы суымай жатып деп қанша қашқақтасам да, Марат ізімнен қалмады. Сонымен көп ұзамай оның көңілдесіне айналдым. Үнемі ер адамның қамқорлығына үйреніп қалған маған, шын мәнінде қасыма ер-азамат керек екенін ұқтырды. Балаларым өспей тұрып балалы болайын деп, осыдан үш жыл бұрын Мараттан тағы бір ұлды болдым. Алғашында Мараттың әйелі ара қатынасымызды естіп, кетем деп біраз бұлқынған екен. Бірақ жайлы өмірді кім тастасын, көніпті. Өзім де Маратқа бауыр басып қалдым. Қазір Марат екі үйдің ортасында жүреді. Балаларымды алалаған емес. Қамқорлығын да аямайды", - деп ағынан жарылған келіншек.

Сондай-ақ, ол Мараттың тоқалы болуға да көнетіндігін айтқан.

"Арақатынасымыз жайлы о баста ашып айттым. "Тартып алатын ойым жоқ, маған келіп кеткеніңнің өзі болады" деп. Сонымен қазір тоқалмын ба, әлде көңілдеспін бе кім екенімді өзім де ұқпаймын. Бірақ осылай өмірім өтіп жатыр. Мен де тоқал болам-ау деп ешқашан ойламаған едім, бірақ тағдыр өз дегенін істейді екен", - деп әңгімесін аяқтаған келіншек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
2
5
1
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel