RU
Әдемі бөксесімен талайдың таңдайын қақтырған жұлдыздар кімдер?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Әдемі бөксесімен талайдың таңдайын қақтырған жұлдыздар кімдер?

Рассказать Вконтакте

Бөкселі қыздар қашан да ерлер қауымының қызығушылығын тудырған. Сұлу бикештің бет-әлпеті, қыпша белі мен төсінің тартымдылығы назар аудартуда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Алайда, бүгінгі күні бөксесі әдемі арулар әлдеқайда үлкен сұранысқа ие екенін әлемдік жұлдыздар да растап отыр деп хабарлайды bigpicture.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Дене сымбатын бөксе ерекшелеп тұратынын әлемдік жұлдыздар да біледі. Кезінде сансыз диета ұстап арық дене бітімге талпынған олар, енді құр сүйек денені сымбатты санамайтын көрінеді.

Олардың басым көпшілігі бөкселерін неғұрлым үлкен қылуды мақсат еткен. Бірі физикалық жаттығулар есебінен, басқалары пластикалық оталар көмегімен бөкселерін үлкейтіп әлек. Олай болса, әлемдік жұлдыздар арасындағы ең бөкселі арулар топтамасын назарларыңызға ұсынбақпыз.

Ники Минаж

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Голливудтық рэп орындаушы қыз кенеттен америкалық шоу-бизнеске келіп, бірден жоғары нәтижелерді көрсеткен. Бастапқыда көпшілікті өзінің эпатажды образдары мен үлкен төсімен қызықтырған Ники, уақыт өте келе тым асыра бояну мен түрлі түсті болып киінуден бас тартты. Сол сәтте көбісі оның табиғи сұлулығы мен әдемі бөксесіне назар аударған.

Дженнифер Лав Хьюитт

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

90 жылдардың жұлдызына айналған Дженнифер бұрыннан бері өзінің дене сымбатымен ерекшеленген болатын. Алайда баласын босанып, фильмдер жанрынан теле-хикаяларға көшкен актрисаның бөксесі де елеулі түрде үлкейе түскен. Денесінің бұл бөлігін мақтан тұтқан Джен денесіне жабысып тұратын көйлектермен одан бетер ерекшелеген.

Бейонсе

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Әнші, биші, актриса америкалық жарқын жұлдызы керемет дауысымен қатар, әдемі бөксесімен де танымал. Ол дене сымбатын сәтті етіп көрсететіндей әсем көйлектер кигенді ұнатады. Голливудтағы пластикалық ота жасатпағандардың бірі болып саналатын Бейонсе бөксесін табиғат сыйлығы деп есептейді.

Деми Ловато

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Балаларға арналған арнаның жұлдызы сүйкімді кішкентай қыздан нағыз тартымды бойжеткенге айналған. Қазіргі таңда Деми өзін толық санайтындарға өз кеңесін беріп, дене бітімін өз қалпында жақсы көре білу керек деген үндеу салып жүр. Ол Америкадағы ең үлкен бөкселі арулар қатарына кіреді.

Ферджи

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Ал әнші Ферджи ешқашанда толық болмаған. Көпшілік оның дене бітімін қуыршақтікіне теңеп жатады. Арық болғанымен бөксесі үлкен болған әнші бүгінгі күні үш баланың анасы.

Кристина Агиллера

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Кристина әншілік мансабын бастағанда арық денелі әрі әдемі бөкселі қыз болған. Оның дене сымбатына барлық ерлер қауымы тәнті болып, бойжеткендер қызыға қараған. Алайда, уақыт өте келе бала босанған әнші денесі күрделі өзгеріске ұшырап, біраз толысып кетті.

Мэрайя Кэри

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Тәтті дауыс иесі өзінің үлкен дене пішіндерімен де көпшілік есінде қалары сөзсіз. Үлкен бөкселі Мэрайя әрдайым жабысып тұратын киімдерді киеді. Сыншылардың ойынша, бұл әнші бөксесін үлкейтуге арналған ота жасатқан.

Шакира

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Шакираның жұлдызын жаққан оның әсем дауысы емес, бөксесі екенін мойындау керек. Өзінің бөксесімен би билейтән арудың әндері де өз тыңдарманын тапқан. Әдемі бөксесі Шакираға анасынан берілсе керек.

Рианна

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Қара нәсілді арулардың барлығы дерлік дене табиғаты бойынша бөкселі болып келеді. Рианна да өз тамырларынан әдемі денені мұра еткен. Өзінің хит болатын әндерінен бөлек, көпшілікті бөксесімен тәнті қылған ару көпшілікті ірі денелі болудан қорықпауға шақырады.

Дженнифер Лопес

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Бөксе дегенде бұл бикешті айтпай кету мүмкін емес. Джейло нағыз ең әдемі бөксе иесі. Бастапқыда биші болып бастаған ол, кейіннен ән ді де айта бастады. Өзінің әдемі бөксесіне ол жаттығу залында еңбек етіп қол жеткізген.

Ким Кардашьян

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Канье Уэсттің жұбайы да әлемдегі ең ірі бөкселілер қатарына кіреді. Оның әдемі бөксесін көпшілік кәсіби платикалық хирургтың еңбегі деп санайды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel