Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда жеті жасар оқушы беті ашық жатқан құдықтың ішіне түсіп кетті

Опубликовано:

25 сәуірде тоғызыншы ықшам аудандағы №9 үйде 7 жастағы бала құдық ішіне құлап кетті. Оны сол жерден өтіп бара жатқан адамдар байқап, баланы құтқарып қалды деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оралда
«Нөлінші сынып оқушысы мектептен үйіне қайтып бара жатқан. Ол құдықтың бетіне дұрыс жабылмаған қақпақтың шетін абайсызда басып кетіп, қақпақпен қоса құдық ішіне құлаған. Таяу маңда өтіп бара жатқан адам баланың дауысын естіп, қасындағы адамдарды көмекке шақырып, олар баланы шығарып алды», - дейді жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция майоры Динара Әбдіхалықова.

Дәрігерлер баланың миы шайқалып, көптеген жері жарақаттанғанын анықтады. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілген.

Бала құлап кеткен құдық қай мекемеге тиесілі екені әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1728746-oralda-zeti-zasar-okusy-beti-asyk-zatkan-kdykty-isine-tsip-ketti/

pixel