Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркіменстанда әйелдерге "жабысқан" көйлек киюге тыйым салды

Опубликовано:

Түркіменстан билігі әйелдерге қысқа және "жабысқан" көлей киюге заңмен тыйым салды деп хабарлайды habartm.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: kartinki.me
Көрнекі фото: kartinki.me: UGC

Түрікменстандық әйелдер жеңі қысқа киімді де кие алмайды.

20 жастағы Ашхабад тұрғыны елдегі жаңа заң талаптарына қарсылық танытып, өзін жабық киініп жүретін әжесімен салыстырды.

Түрікменстан астанасындағы сұлулық салондарының бірінде нәзік жандыларға шашын ашық түске бояуға да рұқсат бермей қойған. Себебі ол адамның назарын бірден өзіне аударады деп саналады екен.

Оған қоса, елдегі тәртіп сақшылары түнгі сағат 22:00-ден кейін қыдырып жүрген жұпты тоқтатып, оларды полиция бөлімшесіне алып кетуі мүмкін. Себебі мұнда түнгі уақытта тек отбасын құрған жұптар ғана қыдыра алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1728927-trkimenstanda-jelderge-zabyskan-kjlek-kiuge-tyjym-saldy/

pixel