RU

Аста-төк "секс-кешін" өткізгенді ұнататын азамат бүтін бір ауылдың мазасын қашырды

Вечеринка
Фото: UGC

Колорадода аста-төк секс-кеш өткізіп, 400 шақты қонақ шақырғанды ұнататын азамат бүтін бір ауылдың мазасын қашырды. Бұл туралы NUR.KZ порталы americaru.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Avery Way тұрғындары күн сайын 400 шақты адамды қонаққа шақырып, сексуалдық кеш өткізетін азаматтың үстінен шағым түсірді. Себебі, кеш қонақтары жаппай жыныстық қатынасқа түскенде, олардың шулағаны барлық дерлік көршілеріне естіліп жататын көрінеді.

Ер адам ауылдың әр тұрғынына шақырту қағазын жіберіп тұрады екен. Кең сарайда өтетін кешке жұп болып келу міндетті. Қонақтарға тегін ішімдік, тағамдар мен шоколадтан жасалған субұрқақ ұсынылады.

Кешке қатысу үшін әр адам 70 доллар төлеп кіруге міндетті. Ауыл тұрғындары кешке, тіпті қарт кісілер де ағылып жататынын айтуда.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729045-asta-tk-seks-kesin-tkizgendi-natatyn-azamat-btin-bir-auyldy-mazasyn-kasyrdy.html