RU
Отандық белгілі әзілкеш өзінен бірнеше жас кіші жігітке тұрмысқа шықпақшы
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Отандық белгілі әзілкеш өзінен бірнеше жас кіші жігітке тұрмысқа шықпақшы

Рассказать Вконтакте

"Жайдарман" ойындарының жұлдызы, "Тек қана қыздар" тобының капитаны Мереке Бауыржанқызы өзінен бірнеше жас кіші жігітпен бас қосып, тұрмыс құратынын жалпақ жұртқа жаря етті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

"Өмір қызық...Біреулердің ойымен кішкентай бала, шын мәнінде сүйеніш болар тау. Біреулердің ойынша, қолынан түк келмейтін нәзік бала, негізінде ештеңеге ерінбейтін еңбекқор адам!

Біреулер ойлайды, ол - сенімсіз адам, ал шын мәнінде ешқашан сенімнен шығатындай тірлік жасамаған!

Олай болса жылтыңдаған, көрсе қызар, (кейбір жігіттер) кез-келген сұлуға жалтаңдап, әр қыздың етегінен кететін үлкен жігіттен, жанашыр, өзімді бағалайтын, ата-анамды сыйлап, жағдайымды жасап, ең маңыздысы өзінің сөзін тыңдатып, сыйлата білетін кішкентай жігітті таңдадым!

"Кішкентай баланың басын айналдырып" дегендерді оқыдым комменттен. Қыз сүйсе қалады, жігіт сүйсе алады деген мақал бар. Егер мен ғана сүйсем, ол мені алмас еді (сүйгем ғой кезінде, бас айналдырсам сол кезде айналдырар едім)...

Демек Алла қалады біз Арсенмен қосылғалы жатырмыз", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары жас айырмашылығы едәуір болса да, оларға жылы тілектерін аямаған.

Мерекенің оқырмандары "Әп-әдемі", "Бақытты болыңыздар", "Махаббат жасқа қарамайды" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Айта кетерлігі, бойжеткеннің таңдауы түскен жас жігіт те Жайдарман ойындарының белсенді қатысушысы екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
18
8
11
1
10
50
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel