RU
Маңғыстауда Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды
Жаңалықтар Спорт

Маңғыстауда Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

Рассказать Вконтакте

Ақтауда Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен жастар арасындағы халықаралық гран-при турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Маңғыстауда Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

Маңғыстауда Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

Шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров қатысты. Сондай-ақ, құрметті қонақтар қатарында Юрий Мельниченко, Бахтияр Байсеитов, Нұрбақыт Теңізбаев, Әсет Иманбаев сынды Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері бар.

«Мінекей бүгін Маңғыстау өңірінде, Қазақтың Еңбек Ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесіне арналған грек-рим күресінен жастар арасында халықаралық гран-при турнирі басталды. Бұл маңғыстаулықтар үшін үлкен қуаныш. Осындай халықаралық доданы киелі Маңғыстау жерінде өткізуді қолға алған ұйымдасырушыларға алғыс айтамын. Әзірбайжан, Иран, Ресей, Литва, Украина, Белоруссия сынды 15-тен астам елден бақ сынай келген қатысушыларға сәттілік тілеймін! Бұл турнир маңғыстаулықтарға ғана емес, барша қазақ жастарына әлемдік спортта бақ сынауға мүмкіндік берері сөзсіз», - деді құттықтау сөзінде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Маңғыстауда Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

Маңғыстауда Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

Турнир «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде 4-6 мамыр күндері өтеді. Оған әлемніің 15 елінен 60 спортшы шақырылды. Халықаралық турнирде Маңғыстау облысынан 5 спортшы қатысады.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «НКОК» компаниясының басқарушы директоры Бруно Жардэн және Жақсылық Үшкемпіров Ақтау қаласынан бой көтеретін «Спорт сарайының» іргетасын қалау салтанатты рәсіміне қатысты. Нысан Солтүстік Каспий жобасының Операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) компаниясының қолдауымен салынады.

Маңғыстауда Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

Маңғыстауда Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

Cпорт сарайының құрылысы жобаға сәйкес осы жылы басталады. Спорт кешені жобасында үш қабаттан тұрады және оның ішінде бокс және жекпе-жек күш сынасатын спорт түрлеріне арналған көрермендер залы, таэквондо, дзюдо және ауыр атлетика жаттығуларына арналған зал, үлкен бассейн, дене шынықтыру мен сауықтыру шараларына, хореография мен гимнастикаға арналған бөлмелер бар. Сонымен қатар шағын футбол, баскетбол, волейбол, теннис және жеңіл атлетикаға арналған көп қызметті ашық алаңдар да қарастырылған. Жаңа спорт орталығында 1500 орындық көп қызметті зал орналасады. Жерінің жалпы ауданы 20 220 шаршы метр.

Маңғыстауда Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

Маңғыстауда Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

«Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек және жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға, нығайтуға ерекше назар аудару керектігін атап өтті. Бүгін NCOC әлеуметтік инфро құрылымдык жобалар аясында жүзеге асырылып жатқан Спорт сарайы жобасы облыс тұрғындарының қызығушылығын одан әрі арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасайды. Осы Спорт сарайы ғимаратында, еліміздің туын көкке желбіретер ертеңгі чемпиондар шығатынына кәміл сенемін», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Маңғыстауда Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

Маңғыстауда Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

Сонымен қатар, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров Маңғыстау облысының активімен кездесіп, спорт саласындағы ел мақтанышарын жастарға үлгі етті.

Маңғыстауда Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

Маңғыстауда Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

«Біздің жастар бақытты өмір сүруде. Елбасы саясатының арқасында еліміздегі спорт саласы белсенді дамып келеді. Бүгінде оларда спортпен жастайынан шұғылданып, өз елін әлемге танытатын атақты спортшыға айналу мүмкіндігі бар. Салауатты ұлт болып қалыптасу үшін дені сау ұрпақ тәрбиелеу жолында біз де өз үлесімізді қосып келеміз. Әртүрлі жарыстар ұйымдастырып, аудандар мен шалғай ауылдарға жиі келуге тырысамыз. Біз жастарымызға атақты спортшыларды үлгі ете отырып, табандылық пен еңбексүйгіштіктің арқасында бәріне қол жеткізе алатынын түсіндіргіміз келеді. Мен Маңғыстау жұртшылығына жылы қабылдағаны үшін ризашылығымды білдіремін және сіздің өңірде де Олимпиада чемпиондары көп болсын!» - деді Жақсылық Үшкемпіров.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel