RU
Ерке мен Төреғалиды жұлдыз қылған сазгердің адам зорлағаны рас па?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ерке мен Төреғалиды жұлдыз қылған сазгердің адам зорлағаны рас па?

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын шалқарлық ер адам өзін танымал сазгер Құрал Молжанов 6 жыл бұрын зорлады деп айды аспаннан бір шығарған болатын. Енді Ерке мен Төреғалиді жұлдыз қылған сазгердің үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ерке, Төреғали, Құрал Молжанов. Фото-коллаж: NUR.KZ.

Ерке, Төреғали, Құрал Молжанов. Фото-коллаж: NUR.KZ.

Қазіргі уақытта Құрал Молжановқа қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның жерлесі сазгердің жыныстық қатынасқа күштеп тартқанын айтып жергілікті БАҚ-қа сұқбат берген. Қыдырбай Сүйінов есімді шалқарлық жігіттің көмек сұраған өтініші жарияланған болатын. Бірнеше жыл бұрынғы қорлықты ұмыта алмай жүргенін айтқан ер адам көпшіліктен психологиялық көмек сұраған.

"Ол 2002-2003 жылдары болған оқиға. "Алло" деген өлеңді шығарған Құрал Молжанов мені жыныстық қатынасқа тартты. Мен ол кезде ешкімге айта алмадым. Бірақ әлі күнге дейін ер адамдардан қорқамын. Кешегіде менің тік ішегіме медициналық экспертиза жасалынды. Маған тазасың, пәксің деп жазып берді. Олай болуы мүмкін емес. Мен біткен адаммын. Маған көмек керек, табалайтындар көбейіп кетті",-дейді Қыдырбай Сүйінов.

Басылымға шыққан сұқбат бойынша Ақтөбе облысы Шалқар аудандық ішкі істер бөлімімен қылмыстық істің тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ал сазгер бұл мәлімдеменің өзіне ұйымдастырылған жала екенін алға тартуда.

"Ертең оның бәрі дәлелденеді. Бұл әрекетті біреулердің маған қарсы жасап жатқан әрекеті деп ойлаймын. Мен оның маңына ешқашан жоламаған адаммын. Осы жағдай үшін Шалқарға келе жатырмын. Ішкі істер бөлімі қарап жатыр. Аманшылық болса сол жерде жауап беремін. Оған біреу жасатып отыр", - дейді Құрал Молжанов.

Шалқарлық Қыдырбай Сүйінов NUR.KZ-ке берген сұқбатында қаржыдан қысылған кезінде 500-1000 теңге үшін төсек қатынасына барғанын айтып берген болатын.

"Ол адам туралы Шалқардың бәрі біледі. Әр жерге барып әртүрлі әңгіме айтады. Оны мен түсінбеймін. Менен іштей күдіктенетін адамдар бар. Бірақ бәрі анықталатын болады. Толық дәлел болмаған соң нақты бірдеңе айту қиын. Шешем ол баланы сотқа беруді сұраған. Бірақ, мұндай ұсақ-түйекпен соттасып жүретін менің уақытым да жоқ. Ол ер адам емес пе? Мен оны қалай жыныстық қатынасқа тартам", - дейді Құрал Молжанов.

Сазгер іс бойынша жауап беруге Шалқар ауданына бара жатқанын хабарлады. Және осы мәселеге қатысты NUR.KZ-ке бөлек сұқбат беруге уәде берді.

Ескерту! Редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
49
27
27
11
5
6
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel