RU
Байзақованы қамшымен сабауды ұсынған "Меломен" тобы жігіттерінің басы дауға қалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Байзақованы қамшымен сабауды ұсынған "Меломен" тобы жігіттерінің басы дауға қалды

Рассказать Вконтакте

Таяуда ғана «Меломен» тобы инста-парақшалары арқылы Жан Ахмадиевке жылқы мен қамшы сыйлайтындарын айтып, Айжан Байзақова және «91» тобын сабау туралы ұсыныс білдірген болатын. Қазнетте қызу талқыға түскен тақырып қазақ өнері өкілдерінің де құлағына жеткен. NUR.KZ тілшісі өзара ашық айқасқа түскен танымалдар арасындағы тартысқа қатысты әріптестерінің ой-пікірін біліп көрді.

Байзақованы қамшымен сабауды ұсынған "Меломен" тобына әріптестері жауап берді

Фото: Instagram

«Ол бауырларымыздың қазақ еліне жаны ашып, ұлтына жаны ашып, қолынан келген барлық әрекетін жасағаны шығар. Ол өзінің позициясын ұстап, өзінің ішкі ойын жинақтап, солай көрсеткісі келген болуы керек. Біреу болмаса біреуін қойдырамын деп шешті. Мемлекет, қоғам болып қойдыра алмай жатқанда, бір адамға қиын. Әрине, барлығын біреуге тапсырып қоюға болмайды. Жұмылып көтеруіміз керек шығар. Өте қиын енді. Қамшымен сабап қойдыратын болсақ, біраз нәрсені қойдырып тастауға болатын еді», - дейді актер Жанатбек Бәйтеков.

Жанатбектің бұл сөзін Ақбота Керімбекова да қолдап отыр. Өйткені өнер иесі, бұл ерсі әрекеттер қоғамның бұзылуына септігін тигізеді дейді.

«Басында түйсігі жоқ, санасыз адамды он жерден сабасаң да, ол санасыз болып қалады. Сол себепті интернет жүйесінде шығып жатқан небір жайсыз жайттар адамның болмысын, қандай екенін көрсетіп жатыр ғой. Әркім әр түрлі әрекет жасап жатыр. Біреулер атын шығу үшін санасының жеткенін істеп жатыр. Негізі оның барлығы тазалануы керек. Басқа мемлекеттерде заң бар. Бізге де сондай заң қолданылса жақсы болар еді», - дейді Ақбота Керімбекова.

Инстаграм жұлдызы атанған Анар Батырханға «Меломен» тобының жігіттері бастаған даулы мәселе жақпай қалған екен.

«Мен қыз бала болғандықтан ұлдардың психологиясымен ойлай алмаймын. «Меломендік» жігіттердің нені меңзегенін түсінбеймін. Әркімнің өзінің ойы бар, пікірі бар. Бірақ біздің ешкімді сынауға, табалауға, сабауға құқымыз жоқ. Менің ойымша оның барлығы артық нәрсе сияқты. Кез-келген адам уақыты келген кезде өзінің ісіне жауап береді. Мен әйел затына дөрекі сөйлеп, қол көтерген ер азаматтарды түсінбеймін де, ұнатпайтын да», - дейді актриса Анар Батырхан.

Ал Зарина Омарова «қамшымен сабауды» тура мағына түсінгендерге қапалы екенін жеткізді.

«Негізі тура мағынада қамшымен сабау дұрыс емес. Менің ойымша сөзің өткір болса, сөзбен жеткізу керек. Ол адам соны түсініп жатса, сен сол кезде ұтасың деп ойлаймын. Қол көтеру деген дұрыс емес. Ешкімнің ешкімге қол көтеруге құқы жоқ. Қандай жағдайда болмасын. Өйткені ол адам, пенде. Сол себепті ондай әрекеттерге бармау керек», - дейді Зарина Омарова.

Айта кетейік, «Меломен» тобы мен Айжан Байзақова және «91» тобының арасындағы текетіреске әлі күнге дейін нүкте қойылған жоқ. Осыдан бірнеш күн бұрын Ерболат Беделхан басқаратын бойзбендтегі жігіттердің ата-анасы «Меломендік» әншілермен сотта кездесетіндерін желіге жариялаған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
16
3
0
3
2
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір