RU
"Жұмаққа барам": Найманның екі қызын тоқалдыққа алған азамат өміріне дән риза
Жаңалықтар Қоғам

"Жұмаққа барам": Найманның екі қызын тоқалдыққа алған азамат өміріне дән риза

Рассказать Вконтакте

Солтүстік азаматы өзінің туыс ағасының қос бірдей тоқалы бар екенін айтып берді. "Ағам жұмақтың төріне барады, себебі қос әйелі де найман елінен" деп әзілдеген ол туысының қазіргі өміріне дән риза екенін мәлімдеді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Өзінің есімін құпия сақтауды өтінген азамат ағасының қос тоқалы бар екенін баяндап берді. Айтуынша, алыс туысы болып келетін ағасы екі әйелімен де тату-тәтті өмір сүріп жатыр екен.

"Жасыратын несі бар, екі әйелі бар. Бәйбішесі білсе де, білмеген кейіп танытады. Балалары есейіп қалған, солар үшін бәріне көніп отыр. Қайтеді енді? Ағамыз тым жас емес. Соған қарамастан, екеуінің де жағдайын жасап тастаған.

Біздің кезімізде ондайды естімейтін едік, қазір тоқал дегенді күнде көретін болдық.

Өз басым әрине қарсымын, ұлдарыма да айтамын: ағаларыңның жақсы жағынан ғана тәлім-тәрбие алыңдар, тоқал дегенді ойларыңа да алмаңдар деймін. Сүйген жарыңа адал болуға не жетсін?", - дейді ер адам.

Сонымен бірге ол туысының екі әйелі де "найман" руынан екенін алға тартты.

"Екеуі де Семей жақтан. Қазақы ортадан шыққан жандар. Ағам өзіне "жұмақтың төрінен орын бұйырады" деп қалжыңдайды. Себебі, найманның қыздарын өздеріңіз білесіздер, ер мінезді, пысық келеді.

Жеңгем найманның "қасқыр" қызы екені рас, екіншісі аздап сабырлылау. Туыс болып біраз ақыл айтып та көрдік. Оған көнбеді, екінші әйелін тастамады. Енді өмір болған соң бәрін көреді екенсің.

Біреудің өміріне қол сұғатын да құқымыз жоқ, кейін Алланың алдында өзі жауап берер", - деп әңгімесін аяқтады кейіпкер.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
13
3
2
4
2
20
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір