RU
Мөлдір Әуелбекова Бауыржан Байбекке жолдама жіберді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мөлдір Әуелбекова Бауыржан Байбекке жолдама жіберді (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова мен жас орындаушы Райым Уайыс Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бастаған «Street Workout KZ» акциясына қатысып, турниктер мен көше алаңдарында өз күштерін көрсетіп аталмыш эстафетаны Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке жолдады.

Мөлдір Әуелбекова Бауыржан Байбекке жолдама жіберді

Мөлдір Әуелбекова Бауыржан Байбекке жолдама жіберді

Қазақстандағы бұқаралық спортты дәріптеу үшін отандық жұлдыздар жаттығу алаңдарында өз күштерін көрсетіп, халықты спортқа шақырды.

Олар турникте тартылып бой түзеп, көше алаңдарында орналасқан түрлі жаттығу құрылғыларында өз күштерін көрсетті.

Мөлдір Әуелбекова Бауыржан Байбекке жолдама жіберді

Мөлдір Әуелбекова Бауыржан Байбекке жолдама жіберді

«Мен баламды босанған соң, фитнеспен белсенді түрде жаттыға бастадым. Себебі өзімді ауыр сезіндім, артық салмақты байқадым. Жастар, көшедегі спорт алаңдарына барыңыздар! Қазіргі таңда кез келген тұрғын үй кешінінің алдында орналасқан турниктер мен түрлі жаттығу алаңдары денені әдемі қалыпқа келтіріп, өзімізді сергек сезінуге көмектеседі », - дейді Мөлдір Әуелбекова.

Мөлдір Әуелбекова Бауыржан Байбекке жолдама жіберді

Мөлдір Әуелбекова Бауыржан Байбекке жолдама жіберді

Райым Уайыс үшін бұл байқау еш қиындық тудырмаған, себебі өзін физикалық тұрғыда жақсы сезінеді, әрі үнемі спорт залында жаттығады екен.

Қазақстандық эстрада әншілері бұқаралық спортты насихаттап, аталмыш жобаны Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке жолдады.

Мөлдір Әуелбекова Бауыржан Байбекке жолдама жіберді

Мөлдір Әуелбекова Бауыржан Байбекке жолдама жіберді

«Біз жолдаманы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке, «Қазақ радиолары» ЖШС-нің директоры Мәди Манатбекке және сахнада бірге жүрген әріптестеріміз Талғат Жорабаев пен Ермек Мұқашевке жолдаймыз», - деді Мөлдір Әуелбекова мен Райым Уайыс.

Естеріңізге сала кетейік, барлық қазақстандықтарға жолданған «Street Workout KZ» байқауының екі жеңімпазы болады.

Youtube-тегі ең көп ұнатылған видео-жазба жеңімпазы өзі қалаған Қазақстанның кез келген елдімекенінің бірінен өз атымен ең заманауи спорт алаңын сыйлық ретінде алады.

Ал, екінші жүлде, яғни 500 мың теңге әділқазылардың қазылығымен қатысушылар іріктеліп, ең мықты қатысушыға табысталады.

Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Challenge Street Workout KZ байқауын бастап, Олимпиада чемпионы Серік Сапиев, әнші Қайрат Нұртас және актер Әділ Ахметовке жолдаған болатын.

Аталмыш байқауға танымал спортшыларда қатысты, олар Бахтияр Артаев, Ілияс Сүлейменов, Денис Тен, Галиб Джафаров, Арман Чилманов, Жақсылық Үшкемпіров, Игорь Мельниченко сынды спортшылар.

Енді бұл байқау қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен толығып, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлерді оған қосылуға шақырды, айта кетейік, Маңғыстау облысының әкімі Танажанов Ералы да аталмыш байқауға қатысып отыр.

Байқау жайлы толық мәліметті street-workout.kz. сайтынан білуге болады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір