RU
Төреғали Төреәлі үшінші қызына мұсылманша ат қойды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Төреғали Төреәлі үшінші қызына мұсылманша ат қойды

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Бүркіттің шаңырағында көптегн күткен қыз бала дүние есігін ашып қуанышқа кенелген сәтте, Төреғалидің де үшінші қызы өмірге келді. Үш қыздың әкесі атанған әнші оған қандай есім бергенін мәлімдеді деп хабарлайды "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі. Фото: oninfo.kz

Төреғали Төреәлі. Фото: oninfo.kz

Алайда отандық өнер иелері Төреғалиді құттықтауды ұмытып кетіпті. Осыған дейін қос қызына "Т" әріпінен басталатын есім берген әнші, жаңа туған нәрестені Фатима деп атаған.

Бағдарлама арқылы құттықтау жолдаған Мақпал Жүнісова Төреғалидің бұл ісіне қолдау білдірді.

"Фатима деген ұлы есімдеріміздің бірі ғой. Өзі жақында қасиетті Меккеге барып келді. Сондықтан да бұл бастамасы дұрыс деп есептеймін. Енді осыдан кейін ұл балалар өмірге келсін", - деді Жүнісова.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Шымкент тұрғындары Төреғали Төреәліге ақбоз ат мінгізген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
2
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel