Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Оғыз Доған өзін "қызқұмар" деп сөккендерге жауап берді

Опубликовано:

Атышулы Оғыз Доған өзін "қызқұмар" деп сөккендерге ашық жауап берді
Фото: qazaquni.kz: UGC

Әр түрлі мекемелерден қазақ тілінде қызмет алу үшін шу шығарып жүріп танымал болған атышулы Оғыз Доғанға қатысты әңгімелер бүгінде ел арасында желдей есуде. Отандық заңгерлердің өзі оны бірнеше қызды жүкті етіп, тастап кеткенін айтып, мәлемдеме жасаған. Алайда Оғыз Доған өзін "қызқұмар" дегендерге жауап берді деп хабарлайды Holanews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оғыз Доған жайлы алғашқылардың бірі болып жазған тағы бір заңгер Ләззат Ахатова еді.

"Оғыз Доған Қазақстанда бірнеше қызды алдап, арбауына түсірген. Маған хабарласып, адвокаты болуымды өтінген қыздың аудиосы әлі күнге дейін сақтаулы. Айтуынша, Оғыз ол қызды жүкті қылып, кейіннен тастап кеткен. Өмірі тұрмыста болмаған қарагөзіміз қатты күйзеліске ұшырап, сәбиін жоғалтып алған.

Оғыз болса басқа бір қазақтың қызына үйленіп кеткен. Қырғызстанда да тұрмыстағы балалы келіншекті күйеуінен ажыратып алған екен. Оғызға алданған қыз ел алдына шығайын десе туған-туыс бауырлары бар, ел-жұрттан ұят деп отыр. Өзі өте білімді, көрікті бойжеткен. Қазақ қыздарының тағдырын ойыншыққа айналдырған адам үшін, қазақтың тілінің жағдайы бір тиын. Оның әрекетіне аңқау қазағымыз алданып жүр", - дейді Ләззат Ахатова.

Бұдан бөлек, заңгер Айгүл Орынбек те өзінің Facebook парақшасында ол туралы жазба қалдырған еді.

"Түркияның мемлекеттік сайттары, газеттері жазған ақпарат. Өз ұлтының қызын аямаған Оғыз Доған біздің ұлттың қызын, тілін қайтсін? Зерттеу жүргізсең түбінен бастау керек! Өз шәкіртін тыржалаңаш суретін "интернетке жариялаймын немесе менімен жыныстық қатынаста бол"- деп шантаж жасаған Оғыз Доған. Қазіргі таңда біздің батыр! Иә, тілімді қорғады ғой деп үндемей отыруы ма болар еді. Бірақ бір заңсыз ұйымға қатысы бар деген соң, елімнің болашағы үшін үнсіз отыра алмадым.

ҰҚК-нің төрағасы К.Мәсімовтың назарына! Оғыз Доғанның қандай ұйымға қатысы барын тексеруіңізді сұраймын. Еліміздің қауіпсіздігі, ұлттық идеологиямыздың тұрақтылығы үшін!", - деп жазған еді танымал заңгер, әрі блогер Айгүл Орынбек.

Ал Оғыз Доған болса, бұл айтылғандардың барлығын "жала" екенін айтқан.

"Ол айтылған әңгіменің бәрі шындық емес. Мұндай даулы мәселені көтергеннен кейін, болуы тиіс жағдай. Өмірде ұлт мәселесін көтерген болсаңыз, жеке өмірге қатысты осындай жала жабатын адамдар шығады. Олардың бірден пайда болуы қызық болып тұр. Біз «Air Astana» компаниясымен соттасып, жеңіске жеткеннен кейін де шыққан болатын. Бірақ бұл деңгейде емес. Мұндай жаланы айтқан адам нақты дәлелермен көрсетуі керек емес пе?!

Ол қыздар кімдер екен, өздері шығып сөйлеу керек. Ондай адамдар бар ма, жоқ па оны бір құдай білсін. Мен жақында ғана екінші рет, қазақ қызымен отау құрдым. Сегіз жыл бұрын бірінші жарыммен ажырасып кеткенмін. Егер желідегілер осындай әңгімелерін тоқтатпаса, заңға жүгінетін боламын", - деп ағынан жарылды Оғыз Доған.

Айта кететіні, түркиялық басылым Оғыз Доғанның оқушы қызбен көңіл жарастырғанын жазған. Басылымның жазуынша, мектепте әдебиет мұғалімі болып істеген Оғыз Доған отбасылы болғанына қарамастан, оқушы қызбен бір жыл көңіл жарастырған.

Кейін басқа жұмысқа ауысып, бес жыл өткеннен кейін ескі "сүйіктісін" дәмханаға кездесуге шақырады. Ол бойжеткенге бірге болуды ұсынған, қыз бас тартқаннан кейін жалаңаш түскен суреттеріңді отбасыңа жіберемін деп қоқан-лоқы көрсеткен. Басылымда бойжеткен өз кезегінде полицияға шағымданып, тәртіп сақшылары Доғанды тұтқындағаны жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1731288-atysuly-ogyz-dogan-zin-kyzkmar-dep-skkenderge-zauap-berdi/

pixel