RU
Толассыз жауған жаңбырдан Алматы көшелері көлге айналды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Толассыз жауған жаңбырдан Алматы көшелері көлге айналды (видео)

Рассказать Вконтакте

Екі күнге жалғасқан жауын Алматы көшелерін көлшікке айналдырды. Су жиналған жолдардан өте алмай қиналған тұрғындар жергілікті басшылық пен коммуналдық шаруашылық басқармасын сөгіп тастады деп жазады NUR.KZ.

Қала тұрғындары су басқан көшелерді фото мен видеоға түсіріп, әйлеуметтік желіде жариялаған. Онда көліктер судың ішінде баяу жүріп, адамдар жиктаспен секіріп жүргенін байқауға болады.

Жиналған суды ағызып әкетуге арық аздық етуп жатыр. Жаңбыр тіпті, қоғамдық көліктердің ішін жайлап, төбесінен тамшылап тұр.

Шелектеп құйған жаңбыр жерасты жолдарына жиналып, үй аулаларын да басып қалған.

Айта кетейік, синоптиктер мәліметіне сүйенсек, Алматыда аптаның соңына дейін жауынды күндер жалғасады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel