RU
Шетелдік жігітпен құшақтасып клип түсірген Айгүл Иманбаева сынға қалды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Шетелдік жігітпен құшақтасып клип түсірген Айгүл Иманбаева сынға қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Осыдан бірнеше күн бұрын "Senorita" деп клип түсірген Айгүл Иманбаева сынның астында қалды. Желі қолданушыларына әншінің шетелдік азаматпен бірге ақ төсекте кофе ішкені ұнамай қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева. Фото: Instagram

Айгүл Иманбаева. Фото: Instagram

Прагада түсірілген бейнебаян мен ән оқырман көңілінен шыққанымен, клипке түскен шетелдік азамат желі қолданушыларын алаңдатып қойды.

"Ақ халатпен төсекте құшақтасқаны масқара ғой", "Дап-дардай ұлыңыз бар ғой", "Клип әдемі. Бірақ сенің қазақтың қара келіні болып қалғаның дұрыс", "Клипті Баян түсіргесін төсек міндетті түрде болады", "Кәрі түйе ойнаса жұт болады", "Төсексіз де бақытты екеніңді көрсетуге болмас па?", "Мына клип сізді құртты", - деді наразы болған желі қолданушылары.

Айта кетейік, күні кеше Айгүл Иманбаева желідегі парақшасына белгісіз жігітпен түскен суретін жүктеп, елді қызықтырып қойған болатын.

Ал бұл бейнебаян жайлы қызықты ақпараттың жалғасын сенбі күні "Ел аузында" бағдарламасынан тамашалай аласыздар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
25
1
4
1
1
3
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір