RU
Астана көгінен біржыныстылардың жалауын көрген жұрт ашуға мінді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Астана көгінен біржыныстылардың жалауын көрген жұрт ашуға мінді (фото)

Рассказать Вконтакте

Астанада Еуроодақ жанына ілінген ЛГБТ туы көпшіліктің наразылығын туғызды. Ерекше жандардың жалауы Еуропа елдерінің рәміздерінің жанынан бой көтерген деп хабарлайды esil.media парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ЛГБТ жалауы. Фото: esil.media

ЛГБТ жалауы. Фото: esil.media

Кейбір мәліметтерге сүйенсек елімізге 400 мыңнан астам ЛГБТ өкілдері бар екен.

Айта кетейік, мұны көрген желі қолданушылары өздерінің қарсылығын білдіріп, теріс пікірді қарша боратты.

"Бұл ауру ғой. Еуропа елдерінен үлгі алып керегі жоқ", "Олар өздерін "бала күнінде психологиялық зақым алдық" деп қорғайтын шығар. Бірақ бұл біздің салт-дәстүрімізге жат. Оны насихаттамайық", "Жасырын болғаны аздай, енді туын іліп қойыпты. Масқара", "Махаббат деген жақсы нәрсе. Тек ол ер мен әйелдің арасында туындаса", "Астаналықтар, туды жұлып алып, өртеп жіберіңіздер" деп ашынды оқырмандар.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын ер адам өзін елімізге танымал ақын Құрал Молжановтың зорлағанын айтып берген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
55
3
21
2
3
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір