RU
Ораза ұстаған адам жіберетін 17 қателік қандай?
Жаңалықтар Қоғам

Ораза ұстаған адам жіберетін 17 қателік қандай?

Рассказать Вконтакте

Қасиетті Рамазан айы басталғалы мұсылман жұрты Алла разылығы үшін ауыз бекітті. Алайда көпшілік адам білместікпен сауапты амалдың өзінде қателіктерге бой алдырып жатады. Осы орайда islam.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы ораза ұстаған адам жіберетін 17 қателікті назарға ұсынады.

Көрнекі фото: Islam.kz

Көрнекі фото: Islam.kz

1. Тамақ туралы көп ойлау

Кей адамдар ораза тұтуды тамақтан шектелу деп қана түсінеді. Әсіресе әйелдер қауымы бар күнін ауызашарға немесе сәресіге тамақ дайындаумен өткізіп, құлшылық жасауға уақыты қалмай жатады. Ал имамдар бұл тұрғыда ысырапсыз ас ішіп, жүректі иманмен толтыруға көбірек көңіл бөлуге кеңес береді.

Құранда осыған байланысты "Жеңдер, ішіңдер, бірақ ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді" (7, 31) деп жазған.

2. Шамадан тыс тамақтану

Кей уақытта адамдар күндіз ашығып қалмау үшін сәресіде әбден тойғанша тамақтанып алады. Сондай-ақ ауыз ашқанда да күндіз жәберген тамақтың орнын толтырып, өте көп тамақ жеу дұрыс емес. Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) "Расында Адам баласы асқазанынан асқан ең жаман ыдысты толтырған емес! Бойына күш-қуат жинау үшін оған аз ғана тамақтың өзі жеткілікті, ал егер одан көп тамақ жеу қажетілігі туындаса, асқазанының үштен бірін тамақа, үштен бірін - суға, және тағы үштен бірін еркін тыныс алуға арнасын" (Әт-Тирмизи, 2380) деп айтқан.

Көп тамақ жеу адамның жүрегіне бейқамдық орнатып, жалқау етеді.

3. Күндіз бойы ұйықтау

Ораза күнін немесе көп бөлігін ұйықтаумен өткізген адам Рамазанның басты мақсатын жіберіп алады. Себебі олар жеңілдік пен оңайылыққа талпынудың құлдары болып қалады. Олар аштыққа шыдамай, байсалдылық таныта алмаған соң көп ұйықтайды екен. Ораза ұстаған адамға күнінің көп бөлігін ұйқыда өткізу - бұл немқұрайлылық болып табылады.

4. Уақытты бос өткізу

Қасиетті Рамазан айының әрбір минутын үлкен құндылық ретінде көру керек. Сондықтан бұл уақытта мейлінше Аллаға құлшылық қылып, көбірек оның игілігін алуға тырысу ізгі амал болып саналады. Күні бойы бейнеойындар ойнап, музыка тыңдап және фильмдер мен күмәнді бағдарламалар көрумен өткізу де қателік болады.

5. Ораза ұстап, бірақ тыйым салынғаннан тыйылмау

Ораза ұстаған адам ғайбат әңгімеден, ұрсысудан, бәдік сөздерден, реніштен және тағы басқалардан тыйылуы керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан: « Егер сендердің біреулерің өтірік айту мен басқа да надандықтың дүниелерін жасауды қысқартпаса, онда Аллаға оның ішіп-жеуден тыйылуы қажет емес» (Бухари) деген.

6. Сәресіге немқұрайлы қарау

Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай айтқан: «Сәресіде ішіп-жеңдер, өйткені онда береке бар» (Бухари, Муслим) деген. Сондықтан бір ғана құрма немесе бір жұтым сумен болса да, ауызды бекітіп, дұға оқу керек.

7. Сәресіге ұйықтап қалып, ораза ұстамау

Кей адамдар сәресіге ұйықтап қалса, оразасын жалғастырып ұстай бергені жөн.

8. Азан шақырылған соң, ақшам намазының уақыты шыққанша ішіп-жеуді жалғастыру

Ораза тұтқан адам ауыздарын ашқан соң көп тамақтанатыны соншалық, ақшам намазының уақыты шығып кеткенін байқамай қалады. Анығында, бұл дұрыс емес. Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Сүннеті ауызды ашқанда су ішіп, бірнеше құрма жеп бірден ақшам намазын оқыған. Құлшылық жасап болған соң, келіп тамақтанған денсаулыққа да пайдалы.

9. Дұға қабылдануының алтын мүмкіндігін жіберіп алу

Ораза ұстап жүрген адамның дұғасы аузын ашқан кезде қабылданатыны белгілі. Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан: "Үш адамның дұғасы кері қайтарылмайды: әкенің балалары үшін дұғасы, ораза ұстаған адамның аузын ашқан кездегі дұғасы және жолаушының дұғасы» (Бухари).

Осы қымбат уақытта отырып дұға қылудың орнына, көптеген адамдар ас дайындаумен, бос әңгіме құрумен немесе тамақ ішумен айналысады. Ауыз ашардан бұрын 5 минут өз қажеттіліктеріңізді айтып шын жүректен Аллаға бет бұрыңыз, әрине, өзге де мұсылмандардың қажеттіліктері туралы ұмытпаңыз.

10. Ораза ұстап, бірақ намаз оқымау

Көптеген адамдар ораза ұстайды, бірақ бес уақытқы парыз намазды, әсіресе сәресіден кейінгі таң намазын оқымайды. Бес уақыт намазды оқу + ораза ұстау сияқты парыз.

11. Құранға деген немқұрайлылық

Осы Рамазанда сіздің Құраныңыздың сөреде шаң басып тұрмағанына көз жеткізіңіз. Егер арабша білмесеңіз, онда Құранның аудармалары мен тәпсірін оқыңыз. Күнделікті тіпті екі аяттан оқып бастаңыз — сіздің иманыңыз көтерілген сайын, одан да көп аяттарды оқи алатын боласыз.

12. Жұмыс не емтихан салдарынан оразаны жіберіп алу

Емтихан мен жұмыс адамға оразаны жіберіп алуға мүмкіндік бермейді. Егер сіз өзіңіздің діни міндеттеріңізді орындасаңыз, Алла еңбегіңізді жеңілдетіп, жасап жатқан ісіңізге көмек береді.

"… Оған, Алла, ойламаған жерден ризық береді. Ал кім Аллаға тәуекел қылса, сонда Ол, оған жетіп асады. Сөзсіз Алла Өз бұйрығын атқарады. Расында Алла, әр нәрсеге бір өлшеу қойған" (65, 3).

13. Әлеуметтік желілерде отырып алу

Бәріміз де азды-көпті болсын уақытымызды әлеуметтік желілерде өткіземіз (Twitter, Facebook, Instagram немесе WhatsApp сияқты). Бірақ Рамазан айында оған бөлетін уақытты қысқартуға тырысыңыз. Ғаламтор желісінде де иманыңызды арттырып, санаңызды ашатын пайдалы ақпарат қарауға болады.

14. Ораза мен диетаны араластыру

Кей адамдар арықтауға және салауатты өмір сүруге көмектеседі деген ниетпен өзін ораза ұстауға итермелеуі мүмкін. Бірақ егер сіз тек осы мақсатпен (диета, арықтау) ғана ораза ұстасаңыз, онда бұл құлшылықтың мақсатына қайшы келеді.

15. Итикаф мүмкіндігін жібермеңіз

Егер сізде Рамазанның қалған он күнін жамағатпен өткізу мүмкіндігі болса, оны жіберіп алмаңыз. Бұл құлшылық түрінің әсері зор.

16. Рамазанның 27-ші түнін ғана құлшылықта өткізу

Кейбір адамдар Рамазан айындағы тақ түндердің көбісін елемей, тек 27-ші түнді ғана құлшылықта өткізеді. Дегенмен Қасиетті Қадір түнінің дәл күні бізге белгісіз. Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Қасиетті Қадір түнін Рамазанның соңғы он күніндегі тақ он түндерден іздеңдер», - деген. (Бухари, Муслим). Көптеген ғалымдар жазғандай, мүмкін бұл түн расымен де 27-ші күніне дәл келер, алайда бізге оны Рамазанның соңғы әрбір он түнінде күту ұйғарылған.

Әбу Хурайрдан (оған Алла разы болсын) жеткен, Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан екен: «Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен ораза ұстап, Алланың кешірімінен үміт етсе, Алла оның барлық өткен күнәларын кешіреді; кімде-кім Қасиетті Қадір түнінде шынайы сеніммен құлшылық етіп, Алланың беретін сыйына үміт артса, онда оның барлық алдыңғы күнәлары кешіріледі».

Сондай-ақ, Алланың жомарттығын шектемеу керек. Егер ОЛ қаласа, ОЛ сізге 200 жыл бойына сауап береді. Бұл Алла Тағаланың кемеңгерлігі, жазмыш Түнінің дәл қай түнге келерін біз білмейміз, сондықтан да, егер сіз жазмыш Түнін жіберіп алсаңыз да біліңіз, Алла — бәрінің қайнар көзі, егер ОЛ қаласа, бұл түннің сыйын сіз басқа уақытта да ала аласыз.

17. Рамазанның соңғы күндерін Ораза айт мейрамына дайындалуға жіберу

Кейбір адамдар Рамазанның соңғы күндерін Ораза айт мейрамына дайындалуға жібереді, тағамдар сатып алу үшін сауда орталықтарына барады, сөйтіп намаздарын қаза қылады әрі Рамазанның соңындағы құлшылықтарына немқұрайлы қарайды, әсіресе оларды Тозақ отынан, азаптан құтқаруды сұрауларына немқұрайлы болады. Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Рамазанның соңғы күндерінде құлшылығын күшейтіп, жалбарына Аллаға сыйынған, бірақ дүкендерге барған емес. Жақсы киініп және қонақтарына жақсы қарау бұл да Сүннет, алайда, осы игілікті айдың соңғы күндерін бұндай дүниелерге жұмсауға болмайды.

Аишадан (оған Алла разы болсын) келген: "Рамазанның соңғы күндері басталғанда, Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) белбеуін бекем байлайтын (яғни өз құлшылығын күшейтіп, әйелдерімен жақындасудан тыйылатын), түні бойы ұйықтамай, отбасын оятатын". (Бухари, Муслим).

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
2
1
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір