RU
Шымкентте депутат жесір әйелдің жерін тартып алмақшы (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте депутат жесір әйелдің жерін тартып алмақшы (фото)

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да білдей депутат жесір әйелдің жерін тартып алмақшы. Жалғызбасты ананың жер телімін тартып алу үшін халық қалаулысы күн ара өз адамдарын жіберіп, қоқан-лоққы көрсетіп жүр. Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген Мапрат Абдуллаева айтып берді.

ОҚО-да білдей депутат жесір әйелдің жерін тартып алмақшы

ОҚО-да білдей депутат жесір әйелдің жерін тартып алмақшы

Марат Абдуллаеваның он жыл отандасқан күйеуі бес жыл бұрын қаза тапқан. Жесір қалған азаматша қазір мүгедек қызын жалғыз өзі бағып отыр. Жығылғанға жұдырық демекші, өзінің атында тұрған жер теліміне облыстық мәслихаттың депутаты Бадриддин Нышанқұлов көз тігіп тартып алмақшы дейді азаматша.

ОҚО-да білдей депутат жесір әйелдің жерін тартып алмақшы

ОҚО-да білдей депутат жесір әйелдің жерін тартып алмақшы

"Депутаттың қорғаушысы келіп қорқытып кетті. Жер учаскемде құрылысшылар үй соғып жатыр еді, оларды қуып жіберген. Бұл жер орталыққа жақын болғандықтан Бадриддин Нышанқұлов қарындасына алып беріп, бизнес көзіне айналдырмақшы. Ал менше? .... Мені кім ойлайды. Мүгедек қызым бар. Мен сияқты жесір әйелге көмектесудің орнына жерімді тартып алмақшы", - дейді депуттатың қорлығына ашынған жесір әйел Мапрат Абдуллаева.

ОҚО-да білдей депутат жесір әйелдің жерін тартып алмақшы

ОҚО-да білдей депутат жесір әйелдің жерін тартып алмақшы

Депутат көз тігіп отырған жылжымайтын мүлік Мапрат Абдуллаеваның меншігінде. Мұны Сайрам аудандық жер кадастры бөлімінің мамандары да растап берді.

ОҚО-да білдей депутат жесір әйелдің жерін тартып алмақшы

ОҚО-да білдей депутат жесір әйелдің жерін тартып алмақшы

Ал облыстық мәслихаттық депутаттың өзімен хабарласу әзірге мүмкін болмай тұр. Халық қалаулысының көмешісіне бірнеше рет хабарласқанымызда Нышанқұловтың шетелде жүргендігін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
3
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір