RU
Қайнаған тіршілік: Түркістандағы 57 жылдық тарихы бар базар туралы не білеміз? (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қайнаған тіршілік: Түркістандағы 57 жылдық тарихы бар базар туралы не білеміз? (фото)

Рассказать Вконтакте

Рухани астанамыз Түркістан - саудасы қызу қайнаған ордалардың бірі. Киелі мекендегі ең көне базар қалай аталады? Сан қилы тағдырларды тоғыстырған сауда ордасындағы бүгінгі жағдай қандай? Бұл сұрақтарға жауап табу үшін назарларыңызға өңірдегі NUR.KZ тілшісінің фоторепортажын ұсынамыз.

Түркістан базары. Фото: NUR.KZ

Түркістан базары. Фото: NUR.KZ

Колхоз базарынан заманауи нарыққа көшу

57 жылдық тарихы "Қуаныш" базарында сауда жасап, нәпақасын тауып отырған саудагер саны 2,6 мыңды құрайды.

Түркістан базары. Фото: NUR.KZ

Түркістан базары. Фото: NUR.KZ

Базар директоры Инара Әбдіғаппарқызының айтуынша, сауда орнының бұлай аталуының өзінде терең мағына жатыр.

"Базар бұрын кеңес үкіметі кезінде "колхозный рынок" болған. Кейін егемендік алып, жаппай жекешелендіру орын алғанда жекенің қолына өткен. Бұрындары жабайы сауда орындары болса, қазір мәдениеттілікке ептеп келіп жатырмыз.
Түркістандағы "Қуаныш" базары. Фото: NUR.KZ

Түркістандағы "Қуаныш" базары. Фото: NUR.KZ

Бізде сатушыға да, сатып алушыға да жағдай қарастырылған, тіпті жылыту жүйесіне дейін қосылған. Барлығы да ыңғайлылық үшін.

Базарға келген жан, мейлі ол саудагер не сатушы болсын, риза болып шықсын деп базар атауы "Қуаныш" деп аталды", - деді директор.
Түркістан базары. Фото: NUR.KZ

"Қуаныш" базарының директоры. Фото: NUR.KZ

Саудасы қызу қайнаған базар басшылығы бұл сауда орнының негізгі ерекшеліктерін де тізіп берді.

"Біріншіден, жарты ғасырдан астам тарихы бар. Тіпті бізде кезінде ата-әжелері сауда жасаған отбасылардың ұрпақтары сауда кәсібін жалғастырып отыр.

Екіншіден, саудагерлер бірнеше ұлттың өкілдері. Барлығы да бір үйдің балаларындай тату-тәтті саудасын жасап келеді.

Үшіншіден, бізде тұрақтылық пен сенімділік бірінші орынша", -деп сөзін түйді директор Инара Әбдіғаппарқызы.
Түркістандағы "Қуаныш" базары. Фото: NUR.KZ

Түркістандағы "Қуаныш" базары. Фото: NUR.KZ

Көне базарға күніне 1,5 мыңнан 3,5 мыңға дейін сатып алушы келеді. Келуші саны демалыс және мереке күндері күрт өседі екен.

Әкесінің ізін жалғаған саудагер

Түркістан базары. Фото: NUR.KZ

Несібелі Ергешова. Фото: NUR.KZ

Сауда жасауды әкесінен үйренген көкөніс сатушы Несібелі Ергешова 25 жылдан осы базарда сауда жасайды. Әкесі де тура 25 жыл дәл осы базардан нәпақа тапқан жан.

"Адам бір жерде өсіп-өнеді дейді ғой. Ширек ғасыр уақыт болды, осы базардамын. Көкөністерді Ташкенттен, Алматыдан алдыртамын. Тұрақты сатып алатын саудагерлеріміз бар.

Кейде қолымызда қаржы болмай қалса, қарызға ала береміз де, кейін қайтарамыз. Олардың сеніміне кіргенбіз. Жұмысым өзіме ұнайды, еш қиындығы жоқ.

Қайта демалыс күндері базарды іздеп тұрамын. Денсаулығым жарап тұрса, сексен жасқа дейін саудамен айналыса беремін", - дейді зейнет жасына жақындап қалған саудагер.
Түркістан базары. Фото: NUR.KZ

Түркістан базары. Фото: NUR.KZ

"Бір күнде жүз келі сәбіз тураймын"

"1998 жылдан бері осы базарда сауда жасаймын. Бұрындары сәбізді бүтіндей сатсам, соңғы жылдары туралған сәбізге де сұраныс артып отыр. Тапсырыс та қабылдаймын.

Көбіне той-жиын мен өлім-жітімге алып кетіп жатады. Тек Түркістан емес, Шәуілдір, Кентау, тіпті көршілес Қызылорда облысынан да арнайы келіп, сатып алатындар бар", - деген сатушы Диляра Исмайлова жаз бен күз мезгілі кезінде туралған сәбіз саудасы қызатынын жеткізді.

Түркістан базары. Фото: NUR.KZ

Диляра Исмайлова. Фото: NUR.KZ

"Күн сайын той бітпесе екен, көбірек келін түссе, беташардың палауына сәбіз турасақ деп тілейміз. Кейде сауда болмай қалса, кәдімгідей ауырып қаламыз. Себебі сәбіз турап әбден үйреніп қалғанбыз ғой (күліп).

Бір күнде шамамен 50-60 келі сәбіз турай беремін, кейде 100 келіге дейін жеткізген кезім де болған", - деп ағынан жарылды сатушы.
Түркістан базары. Фото: NUR.KZ

Түркістан базары. Фото: NUR.KZ

20 жылдан бері арба сүйреп келеді

52 жастағы Нұрлан Демеуов 20 жылдан бері арба сүйреп, отбасын асырап отыр.

"Базардағылардың барлығын бес саусағымдай танимын", - деген ол өз қызметі үшін жүктің салмағына қарай 300 теңгеден 500 теңгеге дейін алатынын айтты.

Сүйреп жүрген арбасын базар әкімшілігінен жалға алып, айына 9 мың теңге төлейді екен.

Түркістан базары. Фото: NUR.KZ

Нұрлан Демеуов. Фото: NUR.KZ

"Өзім Ынтымақ ауылында тұрамын. Сол жақтан қатынап жұмыс істеймін. Маңдай термен тапқан табысымның берекесі бар, шүкір.

Базарда мен секілді 50 шақты ер азамат арба сүйрейді. Бәсекелестік деген бізде мүлдем жоқ. Әркімнің өз клиенттері бар. Қызмет көрсететін террияториямыз да белгіленген.

Арба сүйреу, әрине, оңай емес. Бірақ, отағасы болған соң қолымнан келген іспен айналысып, отбасымды бағып отырмын.

Кейде 10 келілік тауарды тиеймін, ал кейде 500 келіге дейін барады", - деді ес білгелі қара жұмыспен күн көріп келе жатқан арба сүйреуші.
Түркістан базары. Фото: NUR.KZ

Түркістан базары. Фото: NUR.KZ

Кит-кәденің "көкесі" осында

Саудагер Қалима Ергешова - 52 жаста, алты баланың анасы.

"Зейнетке шыққан соң да денім сау болса, базардан кетпеймін" деген ол құдалықта қойылатын кит-кәденің сырын жақсы біледі.

Өйткені, 20 жылдан беру мата бизнесімен айналысады. Саудагер әйел соңғы кезде құдалықтарда кит қою жоралғысының азайып бара жатқанына қынжылды.

Түркістандағы "Қуаныш" базары. Фото: NUR.KZ

Қалима Ергешова. Фото: NUR.KZ

"Кит қою біртіндеп қалып барады. Көбіне ауыл адамдары алады киттің маталарын, ал қалалықтар өте сирек келеді. Бұл, әрине, біздің саудаға салқынын тигізіп отыр.

Китке қойылатын маталар метрі 300-400 теңге аралығында. Бірақ, осыған да шүкір. Мен тек киттің маталарын сатпаймын ғой.

Бізде әлі де киімді тігіп киетіндер аз емес. Маталарды Бішкектен, Ташкенттен, кейде Шымкенттен алып келіп сатамын", - деді сатушы көпбалалы ана.
Түркістандағы "Қуаныш" базары. Фото: NUR.KZ

Түркістандағы "Қуаныш" базары. Фото: NUR.KZ

Ұлттық нақыштағы шапан, тақия, камзол киімдерін сатып табыс тауып отырған Бибігүл Байдүйсенованың бұл бизнесті қолға алғанына 2 жыл болыпты.

Оған дейін қоғамдық тамақтану орнында кәсібін дөңгелеткен ол шапан мен камзолдарға деген сұраныс күн санап артып отырғанын айтады.

Бағаларына келсек, құдалыққа апаратын шапан 2500 теңгеден басталады. Ал той-жиындарда қадірлі қонақтарға кигізілетін шапан 18 мың теңгеден басталып, 25 мыңға дейін барады.

Камзолдар құны сапасы мен тігілген жеріне қарай 1700 теңге мен 25 мың теңге аралығында. Тақиялар болса, 80 теңгеден басталады. Ең қымбаты - 2000 теңге.

Түркістандағы "Қуаныш" базары. Фото: NUR.KZ

Түркістандағы "Қуаныш" базары. Фото: NUR.KZ

Қыз жасауының да саудасы қызып тұр

Үш жылдан бері қыз жасауын сатып келе жатқан кәсіпкер бойжеткен Әйгерім Дүйсенова соңғы жылдары ұлттық нақыштағы бұйымдарға сұраныстың артып жатқанын жасырмады. Сонымен қатар қолдан тігілген көрпе-төсектің құны да нарықта жоғары бағаланады дейді.

Егер қыз ұзатқалы отырсаңыз, 80-100 мың теңгеңіз болса жеткілікті. Оған қазақи оюлармен өрнектелген 8 көрпе мен 8 көрпеше, 4 жастық кіреді. Сонымен қатар бас жастық, яғни, құрақ жастық та сатып ала аласыз.

Түркістандағы "Қуаныш" базары. Фото: NUR.KZ

Түркістандағы "Қуаныш" базары. Фото: NUR.KZ

Түркістанның брендіне айналған әсіп тағамы

Тек күнгей халқы үшін емес, темір жолмен жүретін елдің түкпір-түкпіріндегі жолаушылар арасында да түркістандық әсіп өте танымал. Бұл асты сатып, байып кетуге де мүмкіндік бар екен.

Түркістандағы "Қуаныш" базары. Фото: NUR.KZ

Әсіп тағамы. Фото: NUR.KZ

Тек "Қуаныш" базарында әсіп сататын жандарды кездестірмедік. Бірақ, тура соның іргесінде орналасқан өзге базарға кіре бергеніміз сол, қаз-қатар тізілген саудагерлерден көз сүрінді.

Бес жылдан бері әсіп бизнесімен айналысып келе жатқан келіншек Зылала Нұртуллаева сауданың бұл құпиясын былайша бөлісті.

Түркістандағы "Қуаныш" базары. Фото: NUR.KZ

Әсіп сатушы. Фото: NUR.KZ

"Бір порция әсіп құны көлеміне қарай 300-400 теңге тұрады. Күніне бір дағара (шара ыдыс) әсіп сатамын. Оған 50-60 әсіп сыяды. Әсіпті үйде өзім дайындаймын.

Негізі бұл тағам Түркістанның бренді ғой. Жан-жақтан арнайы тапсырыспен алып кететіндер де бар. Тіпті Алматы, Астана жаққа мұздатқышта қатырып, салып жібереміз.

Ол жақтан күтіп алады. Бір күндік табысым дайындауға қажетті күріш, ішекке кеткен шығыннан бөлек 15 мың теңгені құрайды. Кейде одан да асады", - деді әсіп сатушы келіншек.
Түркістандағы "Қуаныш" базары. Фото: NUR.KZ

Әсіп тағамы. Фото: NUR.KZ

Айта кетерлігі, мұнда 25 шақты әсіп сатушы сауда жасайды. Егер осында тұрып тамақтанғыңыз келсе, пияз, нан, тіпті шәйге дейін саудагерлер әзірлеп береді.

Ескерту! Материал ҚР құқықтық заңнамасымен қорғалған. Мақаланы көшіріп басу, тарату немесе өзге мақсаттарға пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
4
33
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel